5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

- Жалпы сипаттама

«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» оқыту бағдарламасын жүзеге асыру көпсалалы классикалық білім беру аясында заман талабына сай сапа стандарттарына жауап беруден көрінетін аймақтық көшбасшылықты сақтап тұру, ғылыми зерттеулер, үзіліссіз оқытудың көпдеңгейлі үлгісі, ғылыми, педагогикалық, кәсіби-тәжірибелі қызметті жүзеге асыратын зерттеушілік дағдылары, инновациялық тәсілдері мен іргелі білімдері бар жаңа формациялы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға негізделетін институт «Миссиясы» арқылы анықталады. Бұл, негізінен, кәсіби білімдерін білім берудің әр түрлі деңгейінде қолдана білетін, салауатты өмір салтын насихаттайтын, тіл білімі мен әдебиеттануға қатысты сапалы тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға қатыса алатын жаңа заман педагогтарын даярлауға бағытталған шаралармен тығыз байланысты. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білімді дамыту Мемлекеттік бағдарламасына негізделеді.

- Білім беру бағдарламасының мақсаты

«5В012100 - қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандарын даярлауды қамтамасыз етуге негізделген мақсатты айқындайды.

Білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының «Миссиясына» сәйкес келеді және бағдарлама ерекшелігін, студенттер тобының сипатын әрі олар алатын білім нәтижесін анықтайды. Яғни орта мектептер, бастауыш және мамандандырылған мектептер, орта техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары үшін 5В012100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша кәсіби білім беретін педагогикалық мамандарды даярлауға бағытталған.

5В012100 – қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім бакалаврын даярлауда білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты:

•         отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, әр түрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету  рухында тәрбиелеу;

•         жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру;

•         экологиялық, дене мәдениетін, этикалық, құқықтық мәдениетті және ойлау мәдениетін қалыптастыру;

•         кәсіби қызметте қажетті іргелі білім, білік және дағдыны қалыптастыру болып табылады.

Білім берудің  негізгі жалпыұлттық мақсаты – жалпы білімдік және арнаулы пәндер саласында жоғары білімді мамандар даярлау, әрі әлемдік білім кеңестігінде бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету.

Жалпы білім беру пәндері (ЖБП) циклінің мақсаты – қоғамның әлеуметтік-экономиялық даму заңдылықтарын, Қазақстан тарихы, қазіргі ақпараттық технологияларды, мемлекеттік тілді, ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде орыс және шетел тілдерін білу негізінде әлеуметтік-гуманитарлық білімді қамтамасыз ету.

Базалық пәндер (БП) циклінің мақсаты – кәсіби білімнің іргетасы ретінде психологиялық – педагогикалық және арнайы сипаттағы базалық білімді қамтамсыз ету.

Кәсіптендіру пәндер (КП) циклінің мақсаты – 5В012100 – қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы шеңберінде кәсіби білімді  және тәжірибелік дағдыларды  қамтамасыз ету; қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемесін, нормативтік қазақ тілін, тілдік қатынас негіздерін, қазақ тілінің стилистикасын білуі тиіс.

Бағдарлама мақсаттарын анық және нақты түрде ұғынып, «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы «педагогикалық, ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық-публицистикалық қызметті жүзеге асыра алатын және білім берудің инновациялық модельдерін ендіруді шығармашылық жолмен шеше білетін жоғары білікті мамандарды даярлауға» негізделетін өз миссиясын қалыптастырды. Кафедра ұсынған «Миссия» мазмұны институт «Миссиясына» сай, сонымен қатар «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» бағдарламасы бойынша бакалаврлар дайындаумен де сәйкеседі.

Білім беру бағдарламасы мақсаттарын анықтауға жалпыға міндетті, психологиялық-педагогикалық пәндер, пәнаралық курстар циклы бойынша қызмет ететін маман даярлаушы қазақ және әлем әдебиеті мен тіл білімі кафедрасы жауап береді. Ғылыми мектеп міндетіне оқу үрдісін ұйымдастыру, іс-тәжірибемен қоса, оқу-әдістемелік әдебиеттермен, профессорлық-оқытушылық құраммен, қазіргі заманғы оқыту базасымен қамту, оқыту бағдарламасының іске асуын жалпы бақылауды іске асыру кіреді. Маман даярлаушы кафедра міндетіне оқу жұмыс жоспарларын, элективті курстар каталогі, оқу-әдістемелік кешендер, тәжірибе бағдарламаларын, оқыту-әдістемелік әдебиеттерді өңдеу, бағдарлама мазмұнына жұмыс берушілердің келісуін, бітірушілерді жұмыспен қамту жатады.

Білім беру бағдарламасының мақсаттары, сонымен қатар оның кәсіби бәсекелестік пен мамандыққа деген сұранысқа байланысты сыртқы ортаның өзгермелі талаптарына негізделеді, сүйенеді.

Білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау негізділігі Республика мен аймақтардың педагогикалық, ғылыми-зерттеушілік қызметті және білім берудің инновациялық үлгілерін ендірудің амалдарын шығармашылық шешуді жүзеге асыратын, құзыретті тұлғаларды қалыптастыруға қатысатын кәсіби мамандарға мұқтаждығына байланысты. Қазіргі еңбек нарығы қазақ тілін оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту әдістемесін меңгерген, кәсіби құзыреттілікке ие педагог-әдіскерлерге зәру.

                - Біліктілік

          5В012100 - «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы

бойынша жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеруде қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға 5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша «білім бакалавры» академиялық дәрежесі немесе біліктілік беріледі.

-          Құзыреттілік

«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын алған түлектер оқыту үдерісінде келесідей пәндік ерекше құзыреттіліктер иеленеді:

- коммуникативті: қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология, коммуникативтік стратегия саласындағы білімдерді меңгеру, конструкциялық диалог ауқымындағы біліктері мен дағдыларының болуы, көпмәдениетті, көпэтникалы, көп конфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болу;

- технологиялық: педагогикалық инноватика, педагогикалық технология саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық технологияларды пайдалану мен осы салада іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру, жаңашылдыққа қабілетті болу, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсете білу;

- бақылаушы: педагогикалық менеджмент саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық өлшемдер мен индикаторлар жүйесін жасау, бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеру, өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауға, әділдікке, ақиқатқа ұмтылу;

Пәндік ерекшеліктерден қалыптасатын құзыреттіліктермен қатар студенттер арнайы   құзыреттіліктерге ие болады, олар төмендегідей:

арнайы құзыреттерге:

•           бағдарламалық: пәндік, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік білімдер жүйесін, нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайды ескере отырып кәсіби қызметте теориялық білімдерді қолдана алу біліктері мен дағдыларын меңгеру, педагогтың кәсіби парызын ұғыну, педагогикалық қызмет нәтижесіне жауапкершілікпен қарау;

•           пәнаралық: педагогикалық интеграция теориясы саласындағы білімдерді меңгеру; педагогикалық міндеттерді шешуде түрлі пәндер салаларындағы білімдерді біріктіру біліктері мен дағдыларын меңгеру, әлеуметтік серіктестікке және педагогикалық ынтымақтастыққа қабілеттілігі;

•           дамытуы: замануи педагогикалық антропология саласындағы білімдерді меңгеру, жоғары кәсіби педагогтардың іс-тәжірибелерін оқып-білу, жинақтау, тарату және қолдана білуі мен дағдыларын меңгеру; педагогикалық қызметте жоғары мотивацияға  ие болу, өз бетімен білім алуға және өзін-өзі тануға ұмтылу:

•           креативтік: шығармашылық қызметтің теориялық негіздері, шығармашылық психологиясы саласындағы білімдерді меңгеру, кәсіби қызметті қайта қарау, білім берудегі авторлық жаңашылдық идеяларды іске асыру, стандартты емес және альтернативті шешім таба білу біліктері мен дағдыларын меңгеру, сыни тұрғысына ойлауға, жаңа педагогикалық идеяларды генерациялауға қабілеттілігі;

•           ұйымдастырушы-әдістемелік: оқу-инструктивті құжаттамалар, білім беру саласындағы нормативті-құқықтық құжаттар туралы білімдерді меңгеру, ағымдық оқу-ұйымдастыру құжаттамаларын (дидактикалық, бақылау-өлшеу материалдары және т.б.) жетілдіру біліктері мен дағдыларын меңгеру, жоғары орындаушылық тәртібі мен  ұйымдастырушылық қызметті жүзеге асыруға қабілетті болуы жатады.

-          Қызмет аясы

    Диплом жумысына усынылатын такырыптар  

 5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті  мамандықтары бойынша білім бакалавры кәсіби қызмет түрлері:

-          білім беру (педагогикалық): әр түрлі білім беру мекемелерінде (мектеп, гимназия, лицей, колледж және т.б.) қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, мектепте факультативтік сабақ ұйымдастырушы ретінде;

-          ғылыми-зерттеу (ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер);

-           әдеби шығармашылық (әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында);

-          ұйымдастыру-басқару (орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде);

-          әдеби кеңесші қызметтері.

5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі  мен әдебиеті   БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ 2012-2013ж.

5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ 2013-2014ж.

5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ 2014-2015ж.

5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 2014-2015 оқу жылы қабылданған білімгерлердің оқытылатын пәндері мен қалыптастырылатын құзіреттіліктерінің сәйкестік матрицасы