Институт оқытушысы халықаралық ғылыми конференцияға қатысты

04.11.15

Институт оқытушысы халықаралық ғылыми конференцияға қатысты

   ОҚМПИ Қазақстан және әлем тарихы кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Т.М. Руяткин Мәскеуде өткен халықаралық ғылыми конференцияда «Ағылшын гуманистері бойында ұлттық сана сезімнің қалыптасу ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады. Тарихшы ғалым өз зерттеуінде  ағылшын гуманистерінің шығармаларын сараптай келгенде оларға мынадай екі түрлі ұстаным тән екеніне көз жеткізген. «Оның бірі асқақ патриоттық сезім, екіншісі ұлттық сананы барлығынан жоғары қою», деді ол.

Ғылми конференцияны өткізуге РҒА Ғылыми Кеңесі жанындағы қайта өрлеу мәдениеті комиссиясы, ММУ тарих факультетінің «Орта ғасыр тарихы мен жаңа дәуірдің ерте кезеңі» кафедрасы және Мәскеудегі Германия тарихи институты  ұйытқы болды. Үстіміздегі жылдың 13-14 қазан күндері М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің тарих факультетінде өткен ғылыми конференцияда «Реннесанс дәуірі және Еуропада ұлттардың қалыптасуы» деген мәселе басты тақырып етіп алынды.