ОҚМПИ ғалымы әлем тарихшылары алдында баяндама жасады

04.11.15

 ОҚМПИ  ғалымы әлем тарихшылары алдында баяндама жасады

 Тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан және әлем тарихы кафедрасының  профессоры А. Н. Подушкин «Солтүстік Қытай, Монғолия және Байкал бойындағы Сібір» тақырыбындағы  халықаралық конференцияға қатысты. Қазақстандық ғалым әлем тарихшылары алдында «Оңтүстік Қазақстандағы  сюннулар» тақырыбында баяндама жасады.  Сюннулар - б.э.д. 300- жылдары өмір сүрген далалық империяның негізін қалаушы көшпелі тайпа саналады.

Үстіміздегі жылдың 12-16 қазан  аралағында Монғолияның Хух-Хото қаласында   өткен ғылыми жиын әлемнің 9 елінен келген 100-ден астам ғалым-зерттеушінің басын қосты.   Конференция жұмысы 4 секция бойынша жүргізілді. Ғылыми ортада талқыланып оқылған зерттеу еңбектер 3 томға жинақталып, кітап болып басылды.