5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының жалпы сипаттамасы

5В011700 – Қазақ тілі мен əдебиеті мамандығы бойынша білім бакалавры өзінің кəсіби қызметін білім беру саласында атқарады.

Кəсіби қызмет нысандары

5В011700 – Қазақ тілі мен əдебиеті мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің нысандары:

-         мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары;

-         бастауыш, негізгі және бейіндік мектептер;

-         мамандандырылған мектептер;

-         техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары болып табылады.

Кəсіби қызмет пəні

5В011700 – Қазақ тілі мен əдебиеті мамандығы бойынша білім бакалврының кәсіби қызмет пәні:

-         қазақ тілі мен əдебиеті, əлемдік жəне ұлттық руханият, имандылық пен адамгершілік тəрбиесі, ізгілендіру, қоғамның жоғары саналы азаматын қалыптастыру болып табылады.

Кəсіби қызмет түрлері

5В011700 - Қазақ тілі мен əдебиеті мамандығы бойынша білім бакалаврының кəсіби қызмет түрлері:

- білім беру (педагогикалық) – жалпы білім беретін орта мектептерде,

лицей, гимназияларда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында;

- ғылыми-зерттеу (ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер);

- əдеби-шығармашылық (əдеби, мəдени мекемелерде, баспа орындарында);

- ұйымдастыру-басқару (орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде);

- өндірістік-басқарушылық (мемлекеттік органдарда, түрлі кəсіпорын,

өндіріс орындарында іс-қағаздары мен құжаттау бөлімдерінде)

- əдеби кеңесші болып табылады.

Кəсіби қызмет функциялары

5В011700 – Қазақ тілі мен əдебиеті мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет функциялары:

-         жалпы білім беретін орта мектептерде, гимназиялар мен лицейлерде, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілі мен əдебиеті пəндерінен дəріс беру;

мамандығына қатысты ғылыми, əдеби, мəдени шаралар ұйымдастыру болып табылады.

«5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының білім беру бағдарламасының мақсаты

Білім беру ісі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 28.08.2011 жылғы №0142692 лицензиясының негізінде жүзеге асырылады (Қосымша 1). Лицензияның әрекет ету мерзімі шектеусіз.

Институттың миссиясы – нәтижеге бағытталған білім беру негізінде қоғам мен мемлекеттік мүдде қажеттілігіне сай білікті кәсіби педагогтарды дайындау. «5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының білім беру бағдарламасы академиялық топтардың мамандыққа қатысты өзгешеліктерін негізге ала отырып, институт миссиясына, бағдарламаның әлеуетті тұтынушыларының сұраныстарына сәйкес құрылған.

Білім беру бағдарламасы білім алушыларға әлемдік және ұлттық руханият, имандылық пен адамгершілік тәрбиесі, ізгілендіру, қоғамның жоғары саналы азаматы ретінде қалыптасуына ықпал етіп, қазақ тілі мен әдебиеті саласында кәсіби қызмет мазмұнын толыққанды меңгеруіне және сапалы кәсіптік білім алуына, мәдени танымының қалыптасуына мүмкіндік береді.

 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім бакалаврын даярлауда білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты:

- отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, әр түрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету рухында тәрбилеу;

- жапы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру;

- этикалық, құқықтық мәдениетті және ойлау мәдениетін қалыптастыру;

- бакалаврды тілдік дайындау;

- жалпы тіл білімі мен әдебиеттің осы заманғы ғылыми концепциялары мен жетістіктері, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік мәселелерін терең меңгерту;

- кәсіби қызметте қажетті іргелі білім, білік және дағдыны қалыптастыру болып табылады.

Біліктілігі

5В011700 – Қазақ тілі мен əдебиеті мамандығы бойынша жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеруде қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға 5В011700 – Қазақ тілі мен əдебиеті мамандығы бойынша «білім бакалавры» академиялық дəрежесi  және (немесе) біліктілік берiледi.

Құзіреттіліктер

«5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны кәсіби және әлеуметтік құзіреттілікті ғылыми, теориялық және практикалық бағдарлаудың талаптарына сәйкес жасалады. Осыған сәйкес студенттер төмендегі құзіреттіліктерді игеріп шығуы тиіс:

Түйінді құзыретіліктер:

-         қалыптастырушы: педагогикалық мақсат қою саласындағы білімдерді, біртұтас  педагогикалық процесті жобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеруі, позитивті ойлауға қабілетті болу, ұлттық құндылықтар жүйесінде орын алу, этикалық құндылықтар жолын ұстану, ізгілікке және оптимизмге бейім болу;

-                     жүйелеуші: синергетикалық, әлеуметтік, педагогикалық жүйелер (жүйелік тұрғы, педагогикадағы жүйелік принципі) саласындағы білімдерді меңгеру, психологиялық-педагогикалық білімдер бойынша іздену, формализациялау, құрылымдау және жүйелеу біліктері мен дағдыларын меңгеру, педагогикалық болмысты тұтас қабылдауға және жүйелі ойлауға қабілетті болу;

-                     зерттеушілік: гносеология, әдіснама, педагогика және психология саласындағы білімдерді меңгеру, ақпараттарды басқару дағдылары мен біліктерінің болуы, психологиялық-педагогикалық диагностика, талдау және синтез негізінде кешенді мониторингті жүзеге асыру, педагогикалық рефлекцияға қабілетті болу, зерттеу мәдениетін жетілдіруге ұмтылу;

Пәндік құзыреттіліктер:

-                     коммуникативті: қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология, коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеру, конструкциялық диалог ауқымындағы біліктері мен дағдыларының болуы, көпмәдениетті, көпэтникалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болу;

-                     технологиялық: педагогикалық инноватика, педагогикалық технология саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық технологияларды пайдалану мен осы салада іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру, жаңашылдыққа қабілетті болу, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсете білу;

-                     бақылаушы: педагогикалық менеджмент саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық мониторингті іске асыру, педагогикалық өлшемдер мен индикаторлар жүйесін жасау, бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеру, өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауға, әділдікке, ақиқатқа ұмтылу;

Арнайы құзыреттіліктер:

-                     бағдарламалық: пәндік, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік білімдер жүйесін, нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайды ескере отырып кәсіби қызметте теориялық білімдерді қолдана алу біліктері мен дағдыларын меңгеру, педагогтың кәсіби парызын ұғыну, педагогикалық қызмет нәтижесіне жауапкершілікпен қарау;

-                      пәнаралық: педагогикалық интеграция теориясы саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық міндеттерді шешуде түрлі пәндер салаларындағы білімдерді біріктіру мен дағдыларын меңгеру, әлеуметтік серіктестікке және педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті болу;

-                     әлеуметтік: адам құқықтары (білім беру мен баланы қорғау аясындағы халықаралық нормативті-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының заңнамалары)  саласындағы білімдерді меңгеру, бала құқығы мен мүддесін қорғау біліктері мен дағдыларын меңгеру, кәсіби абырой мен педагог қадыр-қасиетін, сондай-ақ педагогикалық этика нормаларын сақтау, педагог мамандығының әлеуметтік маңыздылығының әлеуметтік маңыздылығын  ұғыну, балалардың азаматтық құқықтарын құрметтеу;

-                     дамытушы: заманауи педагогикалық антропология саласындағы білімдерді меңгеру, жоғары кәсіби педагогтардың іс-тәжірибелерін оқып-білу, жинақтау, тарату және қолдана білуі мен дағдыларын меңгеру; педагогикалық қызметте жоғары мотивацияға ие болу, өз бетімен білім алуға және өзін-өзі тануға ұмтылу;

-                     креативтік: шығармашылық қызметтің теориялық негіздері, шығармашылық психологиясы саласындағы білімдерді меңгеру, кәсіби қызметті қайта-қарау, білім берудегі авторлық жаңашылдық идеяларды іске асыру, стандартты емес және альтернативті шешім таба білу біліктері мен дағдыларын меңгеру, сыни тұрғысыдан ойлауға, жаңа педагогикалық идеяларды генерациялауға қабілетті болу;

ұйымдастырушы-әдістемелік: оқу-инструктивті құжаттамалар, білім беру саласындағы нормативті-құқықтық құжаттар туралы білімдерді меңгеру, ағымдық оқу-ұйымдастыру құжаттамаларын (дидактикалық, бақылау-өлшеу материалдары және т.б.) жетілдіру біліктері мен дағдыларын меңгеру, жоғары орындаушылық тәртібі мен ұйымдастырушылық қызметті жүзеге асыруға қабілетті болу жатады.

Мамандық түлектерінің болашақ қызмет орындары

5B011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бакалавр мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

-          білім беру (педагогикалық) – жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей, гимназияларда;

-          ғылыми-зерттеу (ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер);

-          әдеби-шығармашылық (әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында);

-         Ұйымдастыру – басқару (орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде);

-         әдеби кеңесші.