5В011800 - Орыс тілі мен әдебиеті

5В011800-Орыс тілі мен әдебиеті

мамандығының жалпы сипаттамасы

5В011800-Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады.

Кәсіби қызмет нысандары

5В011800-Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша кәсіби қызмет нысандары:

-         мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары;

-         бастауыш, негізгі және бейіндік мектептер;

-         мамандандырылған мектептер;

-         техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары болып табылады.

Кəсіби қызмет пəні

5В011800 – Орыс тілі мен əдебиеті мамандығы бойынша білім бакалврының кәсіби қызмет пәні:

-         жүйелі құрылымдық және функционалды тіл білімі тұрғысынан синхронды және диахронды орыс тілі мен әдебиеті; орыс әдебиетінің тарихи дамуы мен бүгінгі жағдайы.

Кəсіби қызмет түрлері

5В011800 - Орыс тілі мен əдебиеті мамандығы бойынша білім бакалаврының кəсіби қызмет түрлері:

-         білім беру;

-         экспериментальді-зерттеу;

-         ұйымдастыру-басқару;

-         әлеуметтік-педагогикалық;

-         оқу-тәрбиелік;

-         оқу-технологиялық;

Кəсіби қызмет функциялары

5В011800 – Қазақ тілі мен əдебиеті мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет функциялары:

-         білім мекемелерінде кәсіби қызмет объектілеріне сай орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беру;

-         орыс тілі мен әдебиетінен сыныптан тыс жұмыстар жүргізу;

-         орыс тілі мен әдебиетін оқыту құралдарымен тәрбие жұмыстарын атқару.

5В011800-Орыс тілі мен әдебиеті мамандығының білім беру бағдарламасының мақсаты

5В011800-Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы білім беру бағдарламасының мақсаты жоғары оқу орны миссиясымен, мемлекеттік білім беру стандарттарымен үйлестірілген, бағдарламаны әлеуеттік тұтынушылардың сұраныстарына сай жасалған.

Тіл білімі, қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының миссиясы орыс тілі мен әдебиеті пәнінен бүгінгі күнгі дидактикалық жағдайларды ескерген, әлеуметтік тапсырысты орындауға қабілетті жоғары білікті мұғалімдерді дайындау болып табылады.

Оқу бағдарламасының академиялық құндылығы жаңа әдістер мен дамыта оқытудың заманауи ақпараттық технологияларын меңгерген орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімін дайындауда балып табылады. Басқа оқу мекемелеріндегі  басқа оқу бағдарламаларынан айырмашылығы электив пәндердің, орыс тілі мен орыс тілін оқыту әдістемесінен, орыс әдебиеті мен орыс әдебиетін оқыту әдістемелері пәндерінен диплом жұмыстарының ерекшеліктерінде, оның құндылығы мұғалімдерді орыс тілі мен әдебиетінен білімдегі болашақ жетістіктерге жеткізетін инновациялық жолмен дайындауында.

5В011800 – Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім бакалаврын даярлауда білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты:

- отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, әр түрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету рухында тәрбилеу;

- жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру;

- этикалық, құқықтық мәдениетті және ойлау мәдениетін қалыптастыру;

- бакалаврды тілдік дайындау;

Біліктілігі

5В011800 – Орыс тілі мен əдебиеті мамандығы бойынша жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеруде қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға 5В011800 – Орыс тілі мен əдебиеті мамандығы бойынша «білім бакалавры» академиялық дəрежесi  және (немесе) біліктілік берiледi.

5В011800-Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша түйінді құзыреттіліктер.

-         қалыптастырушы: педагогикалық мақсат қою саласындағы білімдерді, біртұтас  педагогикалық процесті жобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеруі, позитивті ойлауға қабілетті болу, ұлттық құндылықтар жүйесінде орын алу, этикалық құндылықтар жолын ұстану, ізгілікке және оптимизмге бейім болу;

-                     жүйелеуші: синергетикалық, әлеуметтік, педагогикалық жүйелер (жүйелік тұрғы, педагогикадағы жүйелік принципі) саласындағы білімдерді меңгеру, психологиялық-педагогикалық білімдер бойынша іздену, формализациялау, құрылымдау және жүйелеу біліктері мен дағдыларын меңгеру, педагогикалық болмысты тұтас қабылдауға және жүйелі ойлауға қабілетті болу;

-                     зерттеушілік: гносеология, әдіснама, педагогика және психология саласындағы білімдерді меңгеру, ақпараттарды басқару дағдылары мен біліктерінің болуы, психологиялық-педагогикалық диагностика, талдау және синтез негізінде кешенді мониторингті жүзеге асыру, педагогикалық рефлекцияға қабілетті болу, зерттеу мәдениетін жетілдіруге ұмтылу;

5В011800-Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша пәндік құзыреттіліктер

-                     коммуникативті: қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология, коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеру, конструкциялық диалог ауқымындағы біліктері мен дағдыларының болуы, көпмәдениетті, көпэтникалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болу;

-                     технологиялық: педагогикалық инноватика, педагогикалық технология саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық технологияларды пайдалану мен осы салада іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру, жаңашылдыққа қабілетті болу, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсете білу;

-                     бақылаушы: педагогикалық менеджмент саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық мониторингті іске асыру, педагогикалық өлшемдер мен индикаторлар жүйесін жасау, бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеру, өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауға, әділдікке, ақиқатқа ұмтылу;

Арнайы құзыреттіліктер:

-                     бағдарламалық: пәндік, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік білімдер жүйесін, нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайды ескере отырып кәсіби қызметте теориялық білімдерді қолдана алу біліктері мен дағдыларын меңгеру, педагогтың кәсіби парызын ұғыну, педагогикалық қызмет нәтижесіне жауапкершілікпен қарау;

-                      пәнаралық: педагогикалық интеграция теориясы саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық міндеттерді шешуде түрлі пәндер салаларындағы білімдерді біріктіру мен дағдыларын меңгеру, әлеуметтік серіктестікке және педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті болу;

-                     әлеуметтік: адам құқықтары (білім беру мен баланы қорғау аясындағы халықаралық нормативті-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының заңнамалары)  саласындағы білімдерді меңгеру, бала құқығы мен мүддесін қорғау біліктері мен дағдыларын меңгеру, кәсіби абырой мен педагог қадыр-қасиетін, сондай-ақ педагогикалық этика нормаларын сақтау, педагог мамандығының әлеуметтік маңыздылығының әлеуметтік маңыздылығын  ұғыну, балалардың азаматтық құқықтарын құрметтеу;

-                     дамытушы: заманауи педагогикалық антропология саласындағы білімдерді меңгеру, жоғары кәсіби педагогтардың іс-тәжірибелерін оқып-білу, жинақтау, тарату және қолдана білуі мен дағдыларын меңгеру; педагогикалық қызметте жоғары мотивацияға ие болу, өз бетімен білім алуға және өзін-өзі тануға ұмтылу;

-                     креативтік: шығармашылық қызметтің теориялық негіздері, шығармашылық психологиясы саласындағы білімдерді меңгеру, кәсіби қызметті қайта-қарау, білім берудегі авторлық жаңашылдық идеяларды іске асыру, стандартты емес және альтернативті шешім таба білу біліктері мен дағдыларын меңгеру, сыни тұрғысыдан ойлауға, жаңа педагогикалық идеяларды генерациялауға қабілетті болу;

ұйымдастырушы-әдістемелік: оқу-инструктивті құжаттамалар, білім беру саласындағы нормативті-құқықтық құжаттар туралы білімдерді меңгеру, ағымдық оқу-ұйымдастыру құжаттамаларын (дидактикалық, бақылау-өлшеу материалдары және т.б.) жетілдіру біліктері мен дағдыларын меңгеру, жоғары орындаушылық тәртібі мен ұйымдастырушылық қызметті жүзеге асыруға қабілетті болу жатады.

Мамандық түлектерінің болашақ қызмет орындары

5B011800 – Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бакалавр мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

-          білім беру – (мектеп, лицей, гимназия);

-          экспериментальді-зерттеу (ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер);

-          ұйымдастыру – басқару;

-         оқу әдістемелік;

-         оқу технологиялық;

-         шығармашылық (мәдени орталықтар, баспа орныдары)