5B011900 - Шет тілі: екі шет тілі

5В011900 – “Шетел тілі: екі шетел тілі”

Әрбір жас маман өмір жолын бастар алдында өз кәсібі бойынша басқа елдің азаматтарымен қарым-қатынаста, өмір жолында қадамын нық басуда, өзін еркін сезінуде шетел тілін білу заман талабы қажет етуде.

            Дәстүрлі сапалы білім, тиімді оқу процесі, біздің оқытушылардың қолдауы мен көмегі – институт бітірушілерінің жарқын болашағына кепіл болады.

            Сапалы мамандарды ОҚМПИ ағылшын тілі кафедрасында 5В011900 – “Шетел тілі: екі шетел тілі” мамандығы бойынша даярлайды және Сіз “Білім бакалавры” академиялық дәрежесіне ие бола аласыз.

5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы түлектерінің болашақ қызмет орындары:

  • Білім беру (педагогикалық) – жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей, гимназияларда;
  • Ғылыми-зерттеу (ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер);
  • Ағылшын тілін үйрету курстары
  • Аудармашы.

Студенттік жылдар әрдайым ең бақытты, шуақты сәттерге толы өмір белесі болып есте қалады. Ол сіздің дұрыс таңдауыңызға байланысты.