ҒЗЖ мен СҒЗЖ жөніндегі бөлім

Ибрагимова Жанат Абуталиповна ф.ғ.к доцент

 ҒЗЖ мен СҒЗЖ жөніндегі бөлім басшысы

ҒЗЖ және СҒЗЖ жөніндегі бөлім Оңтүстік  Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің құрылымдық бөлімі болып саналады. Бөлім тікелей  университеттің ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректорына бағынады. 

 Бөлімнің негізгі  міндеттері:

-Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Ғылыми   кеңесі   бекіткен, университеттің негізгі ғылыми бағыттары аясындағы ғылыми-зерттеушілік  жұмыстарды жүргізу үшін университеттің ғылыми әлеуетін тиімді пайдалану;

-Ғылым мен өндірістік ықпалдастық үдерісті күшейту мақсатында ғылыми ұйымдармен, қазақстандық және шетелдік ЖОО-н, шетелдік әріптестермен ғылыми байланысты дамыту;

-ҒЗЖ нәтижелерінің бәсекеге қабілеттілігі мен коммерциялық тартымдылығының маңызды көрсеткіші болып табылатын патенттік-өнертабыстық қызметті жолға қою мақсаттарын түсіндіру;

-Республикалық және халықаралық байқау, жарыстардың жеңімпаздарын арттыру мақсатында  студенттердің ғылыми жұмыстарға белсенді қатысуын қамтамасыз ету;

-ПОҚ-ның,  ҒЗЖ нәтижелерін оқу үдерісіне ендіруге ықпал ету;

-Импакт-факторлы ғылыми журналдарда жарияланымы бар ПОҚ мен ғылыми қызметкерлердің пайыздық үлесін жоғарылату мақсатында ғылыми семинарлар ұйымдастыру;

Бөлімнің қызметі:

- университеттің  ғылыми-зерттеу жұмыстарының стратегиялық жоспарын жасауға материалдар дайындау, олардың орындалуын бақылау, кеңес  беру;

-ҚР Білім және ғылым министрлігіне, ҚР-ның  статистикалық мемлекеттік ұйымдарына университеттің ғылыми жұмыстарының нәтижелері туралы есеп беру;

-түрлі деңгейдегі ғылыми іс-шаралардың  жылдық қаржыландыру сметасын жасап, басшылыққа ұсыну:

-республикалық және халықаралық конференциялар, олимпиадалар, ғылыми жұмыстардың байқауларын жоспарлау және өткізу;

- университеттің Жас ғалымдар кеңесінің  іс-әрекетін үйлестіру;

-суденттер мен  жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, түрлі деңгейдегі ғылыми  іс-шараларға, байқауларға, олимпиадаларға қатысуларын қадағалау, үйлестіру;

Байланыс телефоны: 87013381433

Эл почта: