Тәрбие жұмыстары

Тәрбие жұмысы

 

2018-2019 оқу жылында кафедраның тәрбие жұмыстарын өткізудің жоспары талқыланып,  бекітілді (хаттама №1, 29.08.2018ж.). Бұл жоспарда тәлім-тәрбиелік іс-шаралардың әртүрлі мазмұны мен формасы ескерілді. Дене шынықтыру кафедрасының  2018-2019 оқу жылының тәрбие ісі жұмыстары  келесі  бағыттар бойынша жүргізілді:

 

1. Ұйымдастыру және жоспарлау бағыттары:

Тәрбие жұмыстарын жүргізу барысында студенттердің мамандануының негізгі бағыты, студенттердің талап тілектері мен қызығушылықтары назарда болды. Қыркүйек  айының 1-ші жұлдызында топ студенттерін талғампаздыққа, университет ішінде өзін-өзі ұстау, ішкі тәртіп ережелерін бұлжытпай орындау, студентке лайықты киіну сияқты т.б. жеке әңгімелер жүргізілді. Сонымен қатар «1-ші қыркүйек білім күніне» байланысты баяндама оқылды. Сондай-ақ тәлімгерлік жоспар жасалынып, студенттер арасында тәлім-тәрбиенің іс-шараларын  ұйымдастыруды, сабақ өткізуге байланысты бағыт-бағдарлар беруді, әдебиеттерді тиімді қолдану жолдары жоспарланды.  Тәлімгерлік тәрбие жұмыстарының жоспары құрылып, бекітілді. Топ белсенділері сайланды, аптасына 1 рет тәлімгерлік сағат өткізіп тұру шешілді. Сонымен қатар 108-16,16к, 108-26 оқу топтарының тәлімгерлері оқу жылының барысында студенттердің сабаққа қатысуын қадағалады. Оқу үлгерімін анықтап, аралық бақылау нәтижесін талдап, топ жетекшілері тәрбие сағаттарын өткізіп жатты.

 

2. Патриоттық сананы қалыптастыру бағыты

Желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 27 жыл толуына арналған студенттер арасында «Желтоқсан оқиғасы жады-мызда» атты тақырыпта тәлімгерлік сағаттар өткізілді.

 

3. Рухани-адамгершілік даму бағыты

Қазан айында «Діни экстремизм – адамзат болашағы үшін қауіп ретінде» атты тақырыпта тәрбие сағаты өткізілді. Қараша  айында «Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі» атты тақырыпта кездесуге барлық топтар қатыстырылды. Тілдер мейрамына орай «Қазақ тілінің көне дана сөздерін күнделікті өмірде қолдану»  тақырыбында тәлімгерлік сағаттары өткізілді.

 

4. Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімге тәрбиелеу бағыты

Ұстаздар күніне арнап “Ұстаз ұлағатты есім” атты тақырып бойынша университет көлемінде өткізілген іс-шараға кафедрамыздың барлық профессорлық-оқытушылық құрамы  мен тәлімгерлері белсене қатысты. «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты тақырыпта барлық тәлімгерлік оқу топтарында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Желтоқсан айында саяси  сауаттық  пен  саяси  мәдениеттілікті арттыру мақсатында тәлімгерлік сағаттары өткізілді.

 

5. Құқық тәрбие бағыты

Қараша айында тәлімгерлер студенттер арасында “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес” атты тақырыпта әңгіме жүргізді. Әңгіме соңында  тәлімгерлер студенттерге жемқорлыққа қарсы күресуге, пара бергенде, пара алғанда қылмыскер болып саналатындығы және олардың заң алдына бірдей жауап беретіндігін ескертіп өтті. Сонымен қатар тәлімгерлер баспасөз беттерінде жарық көрген мақалаларды оқып, студенттерді жемқорлықпен бірлесе отырып, күресуге шақырды.

 

6. Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Қараша айында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы 2018-2019 оқу жылында мектеп бітіруші түлектері арасында баскетболдан және «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» күніне арналған Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері арасында баскетболдан, волейболдан факультетаралық спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Жарысты өткізудің жалпы басшылығы «Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық», «Дене шынықтыру» кафедраларына жүктелді. Студенттердің «Менің таза қалам» атты сенбіліктері ұйымдастырылып өткізілді. Әр топ өздерiне бекiтiлген  аудиториялардың тазалығына, қысқы дайындығына жауап берiп отырды. Университеттің барлық топ студенттері қыркүйек, қазан айында толығымен медициналық бөлімінде профосмотрдан өтті.

 

7. Жастар бастамаларын қолдау

Қазан айында «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің ұйымдастыруымен студенттік декандыққа студенттер ұсынылды. Сайлау барысында әрбір үміткер студент өзінің жылдық жоспарымен таныстырып өтті. Студенттер қосымша сұрақ қойып отырды. Осы сұрақтарға нақты жауап беру арқылы студенттік декандыққа 108-27 тобының студенті Раушанова Шарайна сайланды.

 

8. Ақпараттық-насихаттау жұмысы

Қыркүйек айында топ тәлімгерлері оқу топ  студенттерін кредиттік оқыту жүйесімен таныстырып өтті. Сонымен бірге пән силлабустарына өзгерістер енгізілені жөнінде хабардар етіп, өзгерістерді түсіндіріп кетті. Қазан айында «UNIVER» - бағдарламасымен таныстырып, сол бойынша екі апта сайын электрондық журналға баға қойылатындығын түсіндіріп өтті.  Студенттерден танысқандығы жөнінде мәліметке қол қойдырып тәлімгер журналына тіркеді. Барлық топ тәлімгерлері өз студенттерін G-Global бағдарламасына тіркеп әрбір студенттердің логин-паролін деканатқа өткізді.