Оқу әдістемелік жұмыстар

Оқу-әдістемелік жұмыстар

Кафедра әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы жаратылыстану және ізгілендіру мамандықтары бойынша РОӘК секция-сының Кеңесі бекітіп және баспаға ұсынған №1 хаттама 17 қаңтар 2014 жыл, Республикалық оқу-әдістемелік жоғары және жоғары орнынан кейінгі білім беру кеңесінің 2014 жылғы 22 қазандағы мәжілісі хаттамасының шешімімен бекітілген және жоғары, жоғары орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық демартаментінің 2014 жылғы №03-3/529 хатымен іске қосылған  «Дене шынықтыру» пәні бойынша  типтік оқу бағдарламасымен қамтамасыз етілген. Кафедрада 2018-2019 оқу жылында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы жаратылыстану және ізгілендіру мамандықтары бойынша РОӘК секциясының Кеңесі бекітіп және баспаға ұсынған №1 хаттама 17 қаңтар 2014 жыл, Республикалық оқу-әдістемелік жоғары және жоғары орнынан кейінгі білім беру кеңесінің 2014 жылғы 22 қазандағы мәжілісі хаттамасының шешімімен бекітілген және жоғары, жоға-ры орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық демартаментінің 2014 жылғы №03-3/529 хатымен іске қосылған  «Дене шынық-тыру» пәні бойынша  типтік оқу бағдарламасы негізінде оқу жұмыс бағдарламалары (силлабустар) дайындалды (№1 хаттама, 29.08.2018ж.)

Кафедра оқытушы-профессор құрамы бойынша барлығы 8 оқытушы (100%) ҚР БҒМ «Өрлеу» БАҰО»  АҚ Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институтында «ҚР ЖОО педагогикалық мамандықтарының оқытушыларының біліктілігін арттыру» бағдарламасы бойынша біліктілікті жетілдіру курстарынан өткен.

Оқыту сапасын көтеру және тәжірибелі оқытушылардың іс-тәжірибесін тарату мақсатында кафедрада өзара сабаққа қатысу және ашық сабақтар кестелері құрастырылған және бекітілген. Дене шынықтыру кафедрасында оқытушылардың өзара сабаққа қатысу кестесі жасалған, сонымен бірге өзара қатысу журналдары толтырылған. 2018-2019 оқу жылының бірінші жартыжылдығында 4 өзара сабаққа қатысу жоспарланған,  сабақтарға қатысқандығы туралы  мәліметтер оқытушылардың өзара сабаққа қатысу журналына тіркелген. Ашық сабақтар кестесі жасалған. Оқу жылының бірінші жартыжылдығында 2 ашық сабақ өткізу жоспарланып, орындалды. Ашық сабақтар кафедра мәжілісінде талданып, ол тіркеу журналында уақытылы толтырылды. Кафедра оқытушыларының сабақ ұйымдастыру жұмысының жаңа оқу жылындағы ерекшеліктері: практикалық сабақтарда басым түрде ойын элементтерін, арнайы көрнекі құралдарды жасау, жаңа инновациялық технологияларды пайдалану.

Дене шынықтыру кафедрасының 2018-2019 оқу жылына арналған әдістемелік секциясының жұмыс жоспары кафедра мәжілісінде (29.08.2018ж. №1 хаттама) бекітілген. Дене шынықтыру кафедрасының әдістемелік секциясында қаралатын негізгі мәселелер: оқу жұмыс бағдарламалары (силлабустар) мазмұнының сапасы, өзара сабаққа қатысу мен ашық сабақ өткізу, оқытушылардың жеке жоспарларының орындалуы, пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің талаптарға сай орындалуы, практикалық сабақтарда жаңа педагогикалық технологияларды қолдану мәселелері,  жаңа әдебиеттерге шолу жасау. Дене шынықтыру кафедрасында 2018-2019 оқу жылында оқытушыларға арналған әдіснамалық семинар бірінші  жартыжылдыққа жоспарланбаған, жоспар бойынша  5 баяндама екінші  жартыжылдыққа жоспарланған. Ғылыми-әдіснамалық семинардың мақсаты – педагогикалық ғылымдардың іргелі зерттеулер мәселесі бойынша оқытушыларға жан-жақты мәліметтер беру.

«Дене шынықтыру» кафедрасының оқу-әдістемелік жұмыстарының жоспары бойынша 2018-2019 оқу жылының бірінші  жартыжылдығында 2 әдістемелік нұсқау баспадан шығарылды.