ОҚМПУ ұлттық рейтингте топ жарды

20.05.20

ОҚМПУ-дың АРТА (НААР) тәуелсіз агенттігінің “Жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі -2020” ұлттық рейтінгісіне қатысты.   ҚР жоғары оқу орындарының бас рейтингі «Топ 20» білім беру бағдарламаларының барлық бағыттары мен деңгейлері (бакалавриат,магистратура және докторантура) бойынша жиналған жиынтық балл бойынша анықталады. Университетіміз бұл сынаққа 33 бакалавр, 18 магистратура,  10 докторантура мамандығы бойынша қатысты. Университетіміз «Топ-20» ҚР жетекші жоғары оқу орындарының  арасында  10 орынға, ал педагогикалық бағытта мамандар даярлайтын ҚР жоғары оқу орындарының институционалды рейтингісі  бойынша 4 орынға ие болды. Сондай-ақ   педагогикалық бағытта бакалавр мамандарын даярлайтын  жоғары оқу орындарының  арасында   алғашқы үштіктен табылды және сертификат алды.  

1. 6B011 Педагогика и психология - 2-орын, (2018-2019 оқу жылында 4 орын);
2. 6В01404 Көркем еңбек және сызу  мұғалімін даярлау - 3-орын, (2018-2019 оқу жылында 1 орын);
3. 6В01405 Құқық және экономика  негіздері мұғалімін даярлау - 1-орын, (2018-2019 оқу жылында 1 орын);
4. 6В01501 Математика мұғалімін даярлау - 3-орын, (2018-2019 оқу жылында 6 орын);
5. 6В01601 Тарих мұғалімін даярлау - 3-орын, (2018-2019 оқу жылында 5 орын);
6. 6В01602 Тарих-Дінтану мұғалімін даярлау - 3-орын, (2018-2019 оқу жылында 1 орын);
7. 6В018 Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану маманын даярлау - 2-орын, (2018-2019 оқу жылында 4 орын).
8. 6В01403 Музыка мұғалімін даярлау- 2-орын, (2018-2019 оқу жылында 3 орын);
 

Магистратура бойынша:

1. 7М01406 Кәсіптік оқыту педагогін даярлау - 1-орын ;
2. 7М01504 Химия педагогін даярлау– 2-орын.

Биылғы рейтінгтік іріктеу еліміздің 89 ЖОО-ы арасында жүргізілді.