Жеңістің жарқын жолдары

11.05.20

         Біздің  үлкен мерекелеріміздің бірі - Жеңіс күні. Жеңіс күні қанша уақыт өтсе де, қилы өзгеріс болып жатса да, ұрпаққа ең қуанышты мейрам болып қала береді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні – мейрамын қуанып қарсы алып жатқан жауынгер солдаттардың, қауышып жатқан ата-ана, туған - туыстарының бір топ гүл алып қуаныштарында шек жоқ көріністер теледидар арқылы көріп, жадымызда сақталып, жеңістің куанышын сезініп өстік. Соғыстан оралмай қалған қаншама жауынгерлер соғыс даласында қалды. Ол соғысқа Қазақстаннан аттанған 1,8 миллион адамның жартысына жуығы оралмағанын, олардың рухына әрқашан бас иіп, тағзым етеміз. «Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында» - деп батыр атамыз Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, ардагерлер - Қазақстан халқына бейбітшілік, тыныштық, береке, бақыт орнатқандар. Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген ағаларымызбен бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен Жеңіс күнін жақындатқан аналарымызды да мақтан тұтамыз. Еліміздің тарихында, жалпы әлем тарихында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі өшпес ерліктерімен мәңгілікке жазылып қалды. Тарих үшін бұл азғана уақыт болса, адамзат өмірінде алатын орны ерекше. Қан майдан, сұрапыл соғыс жылдарында «Отан үшін отқа түс, күймейсің» - деген ұранмен шайқасқан, бүгінгі күні санаулы қалған ардагерлеріміздің ерліктеріне бас иіп, құрмет көрсету бүгінгі мен келер ұрпақтың өтелмес парызы.

         Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жастарға арнаған бір сөзінде: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, тәуелсіз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!», – деген еді. Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі. Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың  болып өткеніне 75 жыл толады. Жыл сайынғы Мемлекет басшысының дәстүрлі халыққа Жол­дауы – еліміздің ертеңгі көрінісін, даму жос­парын айшықтап беретін маңызды жолсілтеме. Елбасы қазақстандықтардың даму жоспары мен еліміздің болашағын баяндағап, экономикалық-әлеуметтік жетістіктер мен іс-әрекеттерді көрсеткен. Біз бірлікпен бірігіп, қимыл жасасақ, Қазақ елінің алмайтын қамалы, аспайтын асуы жоқ! 1991 жылғы 16—желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік — тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.
         Қазақстан тәуелсіздік алғалы тек алға қарай ұмтылумен келеді. Елбасының ашық әрі нақты саясатының арқасында біз ұлы мұраттарға қол жеткіздік. Барлық азаматтар Елбасының жос­парын қолдап, оның іске асуына қолынан келгенше септігін тигізіп келеді.

         Біз тәуелсіз Қазақстанды Ұлы Дала елі ретінде жаңаша қалыптастыра алдық. Енді осы бағытымыздан таймай, әлемдегі ең озық 30 елдің біріне айналдыру тұрғысындағы ұлы мұратты іске асыруға батыл қадам жасауымыз қажет. Бұл ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған асқақ арманы еді. Ата-бабалардың аңсарын нақты қадамдармен жүзеге асыру бүгінгі ұрпақтың міндеті.

         Мемлекетіміз кемелденген жолға түсті. Экономикалық әлеуе­тіміз көтерілді. Индустриялық-инновациялық бағдарламалар кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. Барлық облыстарда өндіріс орындары көбейді. Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыс­тардың бірлігі мықты. Бір мақсат, бір мүддеге қызмет етіп келеді. Қазақстанды жақсы болашақ күтіп тұр деп сеніммен айта аламыз.

            Білімді ұрпақ – еліміздің болашағы, ертеңі. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақ, елімізді көкке көтереді. Қоғамның негізгі өзегі – жастар. Қазақстанның болашағы жастар еншісінде екенін ескерсек, сол жастардың сапалы білім алып, тәрбиелі, парасатты азамат болып қалыптасуына қоғамның да ықпалы зор екені анық. Саналы қоғамда білімді азаматтармен бірлесе өмір сүрген жастар өз бойында білімге деген құштарлық пен ізгі сезімдерді қалыптастыратыны сөзсіз. Елбасымыз жастардың сапалы білім алып, саналы азамат болуы үшін де қазіргі заманда білім – ғылымға және мәдениетке аса көп назар аударатыны, ғылыми прогрессті дамыту үшін көптеген қызмет атқарып, еліміздің дамуындағы білімнің маңызын айтып, нұсқау беруі – бәрі де еліміздің экономикасының қарыштап дамуындағы бірден – бір өзгеріс екені баршамызға айқын. Сондықтан, Қазақстанның жарқын болашағы тек білімді жастармен ғана қалыптаспақ!

         Елімізде мемлекет тарапынан жастарға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Мәселен,  жас мамандарды ауылға тарту мақсатындағы «Дипломмен ауылға», экономикалық және жұмыспен қаму бағытындағы  «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», білім беру саласындағы қосымша гранттар және шетелде білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» Халықаралық стипендиясы, «Серпін» бағдарламасы, «Жас отбасы», «7-20-25» бағдарламасы аясында баспана болудың мүмкіндіктері, Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту бағытындағы бағдарламалардың барлығы еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр. Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік педагогикалық  университетінің Жаратылыстану факультеті сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық бойынша студенттердің білім алып, білімдерін шыңдап, тәжірибе жинақтап қайтуына жағдай жасалынған. Тағы бір куанарлық жағдай, Шымкент қаласының Нурсат мөлтекауданынан жаңадан бой көтерген студенттік үйі қолданысқа берілді. Жалпы оқу ордамызда студенттерге жан-жақты білім алуына жақсы жағдай жасалынған.

         Біздің басты міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды.

 

ОҚМПУ-і, Химия кафедрасының

доценті Козыкеева Райхан Абильдаевна