Сүйінші!

11.05.20

Сүйінші!  С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша өткен республикалық пәндік олимпиадада ОҚМПУ командасы ең жоғары 402 балл жинап, басқа командаларды шаң қаптырып, 1-орынды иеленді. Жеке есепте Пшенина Ксения мен Ахмедова Мафтуна 3-орынды бөлісті. Жетекшілері В.Д.Нарожная мен М.И.Кадееваға шексіз алғысымызды білдіреміз! Біз біргеміз! ОҚМПУ, алға!