Сынақ емтихандарын тапсыру ережелері бектілді

05.05.20

Университеттің ғылыми кеңесінде  COVID-19 инфекциясының таралуы кезеңі аралығындағы  және қорытынды  аттестациялаудың  ережелері қаралып, бекітілді. Осыған сай мынадай шешім қабылданды: 
- ауызша, жазбаша және шығармашылық емтихандар онлайн түрде Zoom, Webex Meetings және мұнан басқа да платформалар арқылы қабылданады; 
- тест сынақтары «Univer 2.0» ақпараттық-білім беру порталы арқылы жүргізіледі;  
-"ашық кітап" арқылы емтихандар -  эссе жазу,  кейс пен  есептер шығару  үй жағдайында жүргізіледі;  
- ашық тест формасындағы емтихандар да үй жағдайында өткізіледі; 
-егер   техникалық құралдар мен ғаламтор қолжетімсіз болса,  студент ол туралы электронды өтініш беруі тиіс. Соның негізінде  емтихандар уақыты белгіленген мерзімнен кейінге ауыстырылады, ол бойынша жинақтық бағалау жүргізілмейді; 
- қорытынды аттестаттау онлайн  форматта өтеді, бұл жерде де  жинақтық бағалау болмайды.  

2019-2020 оқу жылында бакалавриат бойынша университетті 968 студент бітіріп шықпақ. Оның 774-і күндізгі, 116-ы кешкі, 78-і қашықтықтан  оқыту бөлімінде оқиды. Ал магистратураны 33 түлек бітіріп шығады.  Бакалавриат бойынша барлығы 907 түлек диплом жұмысын жазып, қорғауы тиіс.  Олардың  739-ы күндізгі, 97-і кешкі, 71-і  қашықтықтан  білім алып келді. Қалған студенттер етихандарды қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша кешенді түрде тапсырады.