Құрметті Талапкер-2020 сіздер үшін

24.04.20

Құрметті талапкер -2020, сізді Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті оқуға шақырады. 2020 жылдың 20 сәуір – 10 мамыр аралығында ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау өтеді. ҰБТ 20 маусым – 5 шілде аралығында болады. Осы 2020 жылдың 20 маусым – 5 шілде аралығында болатын ҰБТ-ге қатысуға кеңес береміз. Себебі ҰБТ-ға (маусым айындағы) қатыспаса, грант конкурсына қатысуға өтініш бере алмайды. Биылғы 11 сынып оқушылары өтініш беру үшін Ұлттық тестілеу орталығының сайтында онлайн тіркеледі. Ал мектепті өткен жылдары аяқтаған түлектер мен колледж түлектері жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына хабарласады. Қосымша сұрақтар туындаса, Telegram -да ОҚМПУ. Қабылдау-2020 боты ашылды, кіріп подписка жасап,осы парақшаға direct арқылы сұрақтар қалдырсаңыздар болады