Оқу әдістемелік жұмыстар

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

 «Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындық» кафедрасының оқытушы-профессорлардың оқу-әдістемелік жұмыстарының көрсеткіші (баспадан шыққан оқулық, оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал, нұсқаулар, силлабус – оқу кешені, зертханалық, практикалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары).

         

          Оқыту сапасын көтеру және тәжірибелі оқытушылардың іс-тәжірибесін тарату мақсатында «Дене тәрбиесі мен бастапқы  әскери дайындық» кафедрасында  өзара сабаққа қатысу  кестесі құрастырылған және бекітілген.Өзара  сабаққа қатысу кестесі кафедра мәжілісінде талданып, ол тіркеу журналында уақтылы толтырылды. (хаттама №1, 29.08.2018ж).

Кафедра оқытушыларының сабақ ұйымдастыру жұмысының жаңа оқу жылындағы ерекшеліктері: жаңа инновациялық технологияларды пайдалану, семинар сабақтарда басым түрде ойын элементтерін, кейс жүйесін пайдалануы, арнайы көрнекі құралдарды жасау, пікірталастар өткізу, сабақ жоспарын құрастыру, жеке тұлғаға мінездеме жазу.

2018-2019 оқу жылының І-жарты жылдығына  4-өзара сабаққа қатысу жоспарланған.

Қазан айында  У.О.Сералиеваның  « Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінен 102-36 оқу тобына практикалық  сабақ өткізді

Сабақтың тақырыбы «Аса қауіпті жұқпалы аурулар».

Сабақтың жоспары:

1.Оба,жұғу жолдары

2.Тырысқақ жұғу жолдары

3.Карантин, обсервацияға түсінік

Өзара сабақтың ғылымилығын қамтамасыз ету деңгейі: Сабақ өте қызықты, тартымды өтті. Оқытушы өзін-өзі еркін ұстауы, сөйлеу мәнері, сөйлеу мәдениеті, аса қауіпті аурулардың адам ағзасына әсері қандай екендігін, жұғу жолдары мен таралу аймақтары туралы кең мәліметтерді  жетік білуі, аса қауіпті жұқпалы аурулардың  пайда болу тарихы, жұғу жолдары  мен түрлері, санитарлық өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу, сонымен қатар аса қауіпті жұқпалы аурулар туралы заманауи көзқарастар, әлемдік аурулардың  қазіргі бағыттары мен таралуы, жалпы сипаттамасы туралы мәліметтер   және  алдын алу  қызметінің ерекшеліктері  мен міндеттері  жан-жақты қарастырылды. 

 Пән кешенін  сабақ барысында қолдана білу іскерлігі: У.О.Сералиева  сабақта тақырыпты толық аша білді, сабақ жоспарға сәйкес. Сабақ өту барысында  заманауи әдіс-тәсілдері, бағалауды, студенттің көңілін өзіне аудара білді.аса қауіпті аурулар туралы көптеген мәліметтер берілді.

Сералиева У.О.  сабақты өз деңгейінде, сабақты  кәсiби шеберлiкпен, сенiмдiлiкпен өткізді.

Қараша айында  аға оқытушы Байдосова А.А. «Денешынықтыру және спорт гигенасы» пәнінен  сабақ  өтті.. Сабақтың тақырыбы «Денешынықтыру мен спорттағы тамақтану ерекшеліктері».

(108-15 тобы).

Сабақтың жоспары: 1.Жаттығу кезеңімен міндетіне байланысты тамақтану ерекшелігі

                               2.Жылдамдық пен икемділікке жету

Сабақ жақсы жоспарлаған, жоспарға сай өтілді, уақытты тиімді пайдаланды. Оқытушының тәжірибесі мол талапқа сай жұмыс жасады. Дене шынықтыру және спорт гигиенасы  сабағында оқытудың дәстүрлі емес құралдарын қолдану барысында студенттердің  жеке тұлғаның психофизиологиясын өзгеруге: өзін-өзі реттеуін қалыптастыру;  дене қабілетін рухани құндылықтар арқылы дамыту; релаксация арқылы жеке тұлғаның психофизиологиялық қабілеттерін дамыту; психикалық қуат мүмкіндіктерімен н сабақтастырып дамытуға т.б. қол жеткізуге болатындығы туралы сөз қозғалды.

Доцент Кульбаев С..  тақырыпты толық аша білді, сабақ жоспарға сәйкес.  Сабақ жоғары оқу орнының талабына сай өткізілді. Сабақ барысында студенттің назарын өзіне аудара алатын белсенділігін қолдана білді.

Желтоқсан айында аға оқытушы Тұрдалиев А.Т. « ТАСТ оқыту әдістемесі» пәнінен  сабақ өтті

(108-18 тобы).

Сабақтың тақырыбы «Дене тәрбиесінің жіктелуі».

Сабақтың жоспары:

1. Дене тәрбиесі туралы жалпы түсінік

 Оқытушы өз сабағын жоғары тұрғыда өтті. Оқытушы оқу-процесінде, оқу-әдістемелік жағын  толық қамтамасыз етті.  Оқытушының студентпен қарым-қатынасы, талап қоя білуі қабілеті жоғары деңгейде қалыптасқан. Оқытушы өзін-өзі еркін ұстады, сөйлеу мәнері, сөйлеу мәдениеті, шығарманың мазмұнын жетік білуі, оқу материалын жоғары дәрежеде орындау шеберлігімен студенттерге түсінікті етіп жеткізді.

Аға оқытушы Тұрдалиев А.Т.тақырыпты толық  аша білді, сабақ жоспарға сәйкес. Сабақ жоғары оқу орнының  талабына сай өткізілді.

2018-2019 оқу жылынның  І-жарты жылдығында 4 өзара сабаққа қатысу жоспарланып, кестесі түзілді (№ 1,28.08.18ж). Кафедрада оқытушылардың өзара сабаққа қатысу кестесі жасалып толтырылып, кафедра мәжілістерінде талқыланды.

Қазан айында магистр аға оқытушы Сералиева У.О., қараша айында магистр аға  оқытушы Байдосова А.А., желтоқсан айында 2 оқытушы(кульбаев С., Тұрдалиев А.Т.) сабақтарына кіру жоспар бойынша өз белгіленген уақытында өтілді.

     ПОҚ-ң өзара сабаққа қатысу барысында І-жартыжылдықта  оқытушыларлар сабақтарын өте жоғары  деңгейде өтілді.

            2018-2019ж. оқу жылының 1 жарты жылдығына жоспар бойынша өтілген сабақтардың талдамасы өзара сабаққа қатысу журналында тіркелген. Сабақтарды талкылау барысында  сабақтың жетістіктері мен кемшіліктеріне, оқытушының дидактикалық материалдарды қолдануына, сөйлеу мәдениетіне, студенттермен қарым қатынасы,  аудиторияны басқара білуіне және сабақ материалына дайындығы, сабақта  инновациялық әдістер қолдануына аса назар аударылып, ұсыныстар  мен пікірлер айтылды. Сабақтың басқа пәндермен байланыстылығы, осы сала ғылымындағы соңғы жаңалықтарды, жаңа педагогикалық технологияларды  пайдалануы, студенттердің тақырыпқа қызығушылығын арттыра білуіне көніл бөлінді. Жалпы, кафедрада  оқытушы-профессорларының лекциялық, практикалық сабақтары жоғары оқу орындары талаптарына сай өткізілді.

 

2018-2019 оқу жылы жоспарланған  оқу-әдістемелік нұсқаулары мен әдістемелік шықты.

 

 

 

2018-2019 оқу жылында ОПҚ-ның баспадан шығарылған жұмыстарының саны

 

Кафедра

Оқулықтар саны

Оқу құралдары саны

Оқу-әдістемелік құралдар саны

Оқу-әдістемелік нұсқаулар саны

Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындық

-

-

1

1

Барлығы

-

-

1

1

 

 

Профессор-оқытушылар құрамының баспадан шығарылған оқулықтары, оқу құралдары және оқу-әдiстемелiк нұсқауларының көлемi

        №

Аты-жөні

           Оқу-әдістемелік құралдар

Оқу-әдістемелік нұсқаулар

Оқулықтар

Мерзімі

Көлемі (б-т)

Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындық кафедрасы

1

Бекбосунов А.К.

Қадырбаев Ж.Ә

Құлсейтов М.Т.

Запастағы офицер дайындығы

 

-

Қараша 2018

 

2

Бекбосунов А.К.

Қадырбаев Ж.Ә

Батаев Д.А.

 

Саптық дайындық

-

Қараша 2018