Жетістіктер

 

        

«Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындық» кафедрасы оқытушылары мен студенттерінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауған жерінен шыққанына 30 жыл болуына орай ОҚМПУ-да ауған соғысының ардагерлері Шымкент қалалық ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесі Төрағасының орынбасарлары Е.К.Алиев пен Қ.С.Оспанов  мырзалардың қатысуымен 2019 жылдың ақпан айының 20-сы күні сағат 13:00 де кездесу болып өтті.Осы іс-шара аясында кафедра аға оқытушыларына Тұрдалиев А.Т.- Б.Момышұлының «Батыр Шапағаты»; Құлсейітов М.Т-«Кеңес одағының батыры Генерал Сабыр Рақымов» медальдарымен марапатталды.