Құрметті ұстаз-аналар, ару қыздар!

06.03.20

Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Табиғаттың оянуы мен жаңаруы – көктемнің аналар мерекесінен бастау алатыны тегін болмаса керек. Себебі :

Әйел –өмір, әйел – көңіл, әйел –жыр,

Әйел –бақыт, әйел – шаттық, әйел – сыр!

Әйел – тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға емес, ол мемлекеттік мәселелерге және саяси өмірге белсене араласатын белді қоғам мүшесі.

Қазақ әйелі ұлы даламызды қорғап, ер-азаматтармен бірге ерлік жасаған.

Бала тәрбиесін ең басты аналық парыз деп ұққан қазақ әйелі бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен. Ұл-қыз өсіріп, ұлтымыздың ұлылығын сақтаған.

Қасиет қонған киелі шаңырақ – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде қызмет ететін оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушы шәкірттердің 80 пайызы нәзік жандылар екен.

Құрметті ханымдар!

Мереке тағы да құтты болсын!

Оқу ордамыздың еңсесі биіктеп, абыройы асқақтай берсін!

Әр шаңырақта бақ-береке, тыныштық пен татулық салтанат құрсын!

Отбасымыз аман, денсаулығымыз мықты, ұрпағымыздың болашағы жарқын болсын!

Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!

 

Құрметпен,

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің

басқарма төрайымы – ректор м.а. Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы