Жастардың ынтасын оятқан өзгеріс

05.03.20

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ЖОО студенттерін қолдау мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақысы 25 % пайызға көтерілді.

Университетте үздік оқитын студенттерге, жетім немесе мүгедек, көпбалалы отбасыдан шыққан студенттерге жеңілдіктер де қарастырылған.

Жастар шәкіртақының 25%-ға көтерілуі бізге қосымша білім алуға, әр түрлі үйірмелерге қатысуға, жан-жақты дамуымызға жол ашты деп отыр. Ата-аналар да қаржылық қолдауға қуанулы. Сондай-ақ магистратурадағы оқу бағдарламасы болашақ маманға қажетті әмбебап және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүйелі жүргізуге  септігін тигізуде. Студент жастар осындай байтақ,  жас ұрпақты қолдайтын Президенті бар елде өмір сүріп,  жоғары сапада білім беретін оқу ордаларында білім алып жатқанымызға өте қуаныштымыз,-дейді ОҚМПУ магистранты Ақылбеков Мұса. Олар болашақта Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінде алған білімін педагогикалық тәжірибеде  қолданатынына кәміл сенімді.