Абай мұрасы – халық қазынасы

05.03.20

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде  «Абай мұрасы – халық қазынасы» тақырыбында дәстүрлі Байтанаев оқулары аясында  халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Іс-шара Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Конференция жұмысы Абайдың педагогикалық ой-тағлымдары,  жоғары кәсіби білікті маман дайындаудың проблемалары, қазіргі заманғы білім беру жүйесінің жаңашылдығы, білім беру мен қолданбалы зерттеулердегі жаңа ақпараттық – математикалық және жаратылыстану ғылыми технологиялары, педагогикалық  креативтілікті қалыптастырудың  аспектілері, филология және тілдірдерді оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері, өнер, мәдениет және спорт ғылымдары секциялар бойынша өткізілді.