Рәміздер-елдігіміздің белгісі

03.03.20

Университетте «Мемлекеттік рәміздерді ұлықтау – әрбір азаматтың міндеті» атты танымдық-тәрбиелік шара өтті. Онда мемлекеттік рәміздерге байланысты деректі фильм көрсетіліп, сол бойынша студенттерге танымдық сұрақтар қойылды. Тәрбиелік шара педагогика-гуманитарлық факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты Э. Оразбаеваның жетекшілігімен ұйымдастырылды. Жиын барысында «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы, т.ғ.к. Ұ.С.Анарбаев «Қазақ қоғамының рухани жаңғыруындағы мемлекеттік рәміздердің алатын орны. Патриотизм және космополитизм» тақырыбында  баяндама жасады. Іс-шараға университеттің әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректоры, ф.ғ.к. Р.Н. Бегалиева қатысты.