Білімді ұрпақ тәрбиелеудегі еселі еңбек

03.03.20

Университетіміздегі химия кафедарасының  ұжымы білімді, бәсекеге қабілетті маман даярлау ісінде толайым жетістіктерге жетуде. Студенттерге ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары, магистр-оқытушылар дәріс береді. Жалпы алғанда  кафедраның ғылыми әлеуеті 75 процентке жеткен. Студенттердің жоғары әрі заман талабына сай білім  алуы үшін 4 химиялық зертхана қажетті қондырғылармен, 2  кабинет ғылыми-әдістемелік құралдармен және электронды оқулықтармен жабдықталған. Кафедрадағы  ғылыми зерттеу жұмыстары  екі бағыт бойынша жүргізіледі. Бұл жұмыстарға химия ғылымдарының кандидаты, профессор Ғ. Мәдібекова және химия ғылымдарының кандидаты, доцент Б. Шағраева жетекшілік жасайды. Соңғы үш жылда кафедра оқытушылары  6 монография, 7 патент, 200 ғылыми еңбек  пен  40-қа жуық   оқу құралы,  16 электрондық оқулық дайындады. Сондай-ақ импакт-факторы бар рейтингті журналға 6 мақала жариялаған.