Әлемдік стандартқа сай білім беру жолы үйретілді

02.03.20

Университеттің Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыздандыру бөлімінің басшысы Айгүл Айтбаева Алматы қаласындағы КИМЭП университетінің базасында  өткен «Әлемдік стандарттың қазіргі білім беру тәжірибелері» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысты. екі күнге созылған басқосуда  еліміздегі  жоғары оқу орындарында акакдемиялық тәжірибенің тиімділігін арттыру үшін кәсіби дағдылар мен құзыреттіліктерді дамыту жайы талқыланды.  ЖОО-ның академиялық каталогын жасаудағы озық тәжірибелері айқындалды. Білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларын (силлабус) әзірлеудің жалпы тәсілдері,  оқытылатын пәндер бойынша оқу нәтижелерін жазу жолдарының тиімділігі  үйретілді. Сондай-ақ оқу нәтижелерін бағалау, оқыту және оның  әдістерімен үйлестіру жолдары сөз болды.  Семинар қорытындысында қатысушыларға  сертификат берілді.