Әлемдік деңгейдегі журналдарға    мақала жариялаудың жолдарын үйретті

28.02.20

"Web of Science" ресурстар базасынын маманы Инеш Кенжина ОКМПУ-нің профессорлық оқытушылар құрамына жоғары импакт факторлы басылымдарда қалай мақала жариялауға болатынын түсіндірді. Білікті маман бүгінгі таңдағы әлемдік деңгейдегі журналдар мен оның авторлар туралы жан-жақты мәлімет берді. Шетелдік басылымдарда тегін мақала жариялау жолдарын үйретті. Семинар қорытындысында профессорлық оқытушылар құрамына сертификат табыс етілді.

Негізінде дүние жүзінде ғалымдар жұмысының нәтижесі, көрсеткіші олардың рейтингі жоғары халықаралық журналдарда мақала жариялауымен және еңбегіне өзге зерттеушілердің сілтеме беру санымен де өлшенетіні белгілі.Қазіргі таңда 4 мыңға жуық  ғылыми журнал бар.Соңғы уақытта қазақстандық ғалымдар да белсенділік танытып келеді,-деп атап өтті Инеш Кенжина.