Университет спортшылары тағы да жеңіске жетті

27.02.20

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті спортшылары тағы да жеңіске жетті. Денешынықтыру және спорт факультетінің студенттері Бекет Айтбек пен Медет Әуесбек гир көтеру және армрестлинг спорты бойынша өткен Қазақстан чемпионатында  бірінші орынды еншіледі. Сондай-ақ  Есболат Қаржау жүлдегер атанып, күмістен алқа тақты.  Ақтөбе қаласында өткен бәсекеге еліміздің барлық өңірлерінен білекті жігіттер қатысты. Спортшыларымызға толағай табыстар мен жеңістер тілейміз!