Арман өнерімен биік асуларды бағындырмақ

26.02.20

ОҚМПУ-і кәсіби шығармашылық факультетінің студенті  Арман Бейсенбаев "Ұлы Дала ұрпағы" атты республикалық байқаудың жеңімпазы атанды.  Өнер  сайысында ол қазақтың халық күйлерімен қоса өзбек композиторларының шығармаларын да асқан шеберлікпен орындап шықты. Арман-Қарақалпақ  жерінің  түлегі. Университетіміздегі музыкалық білім кафедрасының меңгерушісі Алена Доспанбетова дарынды жастың өнер жолындағы болашағы жарқын екеніне сенімді. Арман бүгінгі таңда аса тәжірибелі мамандардан  дәріс алуда.  Келешекте үлкен сахналарда өнер көрсетуге әзірлік жасап жүр.