Әкімшілік

Әкімшілік 

Тұрысқұлов Өмірәлі Жүсіпұлы 1965 жылы 5 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы, Шәуілдір елді мекенінде дүниеге келген. 1982 жылы Түркістан ауданына қарасты Чапаев колхозында Қазақстанның 30-жылдығы атындағы жалпы орта мектепті бітіріп, Еңбек өтілін сол ауылда колхозшы болып бастаған.

1983 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының Спорт факультетінің дене тәрбиесі мамандығы бойынша оқуға қабылданды. 1985-1987ж.ж. аралығында Прибалтика қалаларында әскери борышын өтеді.

1983-1989 жылдары М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын дене тәрбиесі мамандығы бойынша күндізгі бөлімін аяқтаған.

1989- 1999 жылдары Кентау қаласы СПТУ-16 да дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарған.

2002 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің  Кентау бөліміндегі Гуманитарлық пәндер кафедрасының дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы, 2004-2006 ж.ж. Экология факультетінің оқу-ісі және ғылыми жұмыстары жөніндегі, Педагогика факультетінің тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

2007 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушы қызметіне қабылданды.

2007 жылы 10-желтоқсан күні Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жанындағы құрылған диссертациялық кеңесте педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.А.Тойлыбаевтың жетекшілігімен «Болашақ дәрігерлерге дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика материалдарын пайдаланудың педагогикалық шарттары» атты тақырыпта кандидаттық жұмысын қорғады. 60-ғылыми мақаласы, 3-оқу әдістемелік және 1-оқу құралы жарық көрді.

2008 ж. Спорт және өнер факультетінің декан орынбасары.

2013 жылдың қазан айынан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының «Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2018-2019 оқу жылынан бастап «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің декан қызметін атқарып келеді.

Жұматаев Ордабек Кайратұлы, 6.09.1990ж. Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе елді мекенінде дүниеге келдім. Аталған елді мекенде 11 жылдық Өнер Жамалов атындағы жалпы орта мектебін 2008 жылы бітірдім. 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтын бітірдім,  білімі: жоғары, ғылыми және академиялық дәрежесі: магистр, кәсіби біліктіліктері: дене шынықтыру және спорт бакалавры. «Дене шынықтыру» кафедрасының магистр-оқытушысы, дәріс беретін пәндері: дене шынықтыру, осы мекемеде жұмыс істеген мерзімі:  2015 жылдан бастап. Академиялық тәжірибесі:  ЖОО жұмыс өтілі – 4 жыл. Білім беру ұйымдарындағы алдыңғы жұмыс орындары:

•          2013-2015жж. «Алтынтөбе» жалпы орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

•          2012-2014жж. Академиялық инновациялық университетіндегі магистратурада білім алу.

•          2015 жылдан бастап  Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің  «Дене шынықтыру» кафедрасының магистр-оқытушысы.