Еселі еңбек еленген күн

25.02.20

Университет ғылыми кеңесінің кезекті мәжілісінде бірқатар оқытушылар  құрмет грамотасы және медальдармен марапатталды. Ағарту саласындағы ерен еңбегі мен жас ұрпаққа  тәлім беру ісіндегі қажырлы жұмысы үшін  педагогика ғылымдарының кандидаты, еңбек ардагері Ерке Бәйдібекова мен тарих  ғылымдарының кандидаты Сағынғали Әбубәкіровке "Ыбырай Алтынсарин" медалі табысталды. Сондай-ақ физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Н.Иманбаев "ҚР-ы ғылымының дамуына қосқан үлесі" белгісімен наградталды.  Ал ұлғатты ұстаздардың ізбасары болып келе жатқан Ақбілек Мыңбаева, Шолпан Арзымбетова, Рауан Бегалиева, Әлия Оралбекова және Алмас Халықов Түркістан облысы мәслихатының құрметті грамотасына ие болды. Әріптестерімізді марапатымен құттықтаймыз!