Бишілер топ жарды

24.02.20

ОҚМПУ-нің бишілер тобы еліміздегі ең үздік өнерпаздары болып танылды. Елордада өткен "Талапқа сай би" фестивалінде университетіміздің "Яссы" тобы бас жүлдені иеленді. Түрлі факультетте оқитын 10 бойжеткен студентіміз сахнада өз шеберліктерін жан-жақты көрсете білді. Өнер сайысын өткізуге халықаралық хореография ассамблеясы ұйытқы болды. Оның мақсаты таланатты бишілерді табу, олардың өнерін дамытуға қолдау білдіру және хореографиялық шеберліктерін шыңдау. Қазылар алқасы фестивальге қатысқан би топтарын орындаушылық шеберлігі, ұсынған номерлерінің композияциялық құрылымы мен қимылдарындағы пластикаға қарай саралады. Осындай талап биігінен көрінген "Яссы" би тобын жүлдесімен құттықтаймыз!