Хабарландыру

17.02.20

 

Босаған бос білім беру гранттарын беру үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын студенттер арасында конкурс өткізу туралы.

Конкурс мәні

Жергілікті бюджет қаражатынан  2019/2020 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы.

Конкурс ұйымдастырушысы

Түркістан  облысы әкімдігінің адами әлеуетті дамыту басқармасы

Пошталық мекен-жайы: 161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, 1 мөлтекаудан, 24В ғимарат, 202 -кабинет.

Конкурс туралы ақпарат

"Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 58 Қаулысының  4-тарау « Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін босаған бос білім беру гранттарын беру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

конкурс білім беру бағдарламаларының тобы, курс және білім беру нысаны бөлінісінде аралық аттестаттау нәтижесі бойынша конкурсқа қатысу үшін құжаттар ұсынған басқа ЖЖОКБҰ-дан ақылы негізде білім алушылар арасында өткізіледі;

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде бос тұрған орындарға мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) ақылы негізде білім алушы ЖЖОКБҰ басшысының атына алдағы уақытта жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді;

2) келіп түскен өтініштер ЖЖОКБҰ-ның ғылыми (академиялық) кеңесі мен бақылау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің отырысында қарастырылады;

Қосымша білім алушының өтінішінің көшірмесі, ғылыми (академиялық) кеңес пен бақылау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің шешімі, білім алушының транскриптінен үзінді, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және ЖЖОКБҰ-дан шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (төлнұсқа) қоса беріледі;

 

1

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

6В011 Педагогика және психология

В001 Педагогика және психология

1

2

6В012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы

В002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

5

3

6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау

В003 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

6

4

6В018 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау

В019 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау

2

5

6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау

В009 Математика мұғалімдерін даярлау

1

6

6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерін даярлау

В010 Физика мұғалімдерін даярлау

2

7

6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау

В011 Информатика мұғалімдерін даярлау

5

8

6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерін даярлау

В012 Химия мұғалімдерін даярлау

4

9

6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерін даярлау

В013 Биология мұғалімдерін даярлау

7

10

6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

В016 Қазақ тілі мен әдебиеті  мұғалімдерін даярлау

19

11

6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

В017 Орыс тілі мен әдебиеті  мұғалімдерін даярлау

10

12

6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау

В005 Дене шынықтыру пәні мұғалімдерін даярлау

19

 

 

Барлығы:

81

Бос орындарды иелену үшін  конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі

1.  Сессия нәтижесімен GPA көрсеткіші;

2.  Өтініші;

3.  Ғылыми (академиялық) кеңес

4. Бақылау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің шешімі,

5.  Білім алушының транскриптінен үзінді,

6.  Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

7.  Әлеуметтік санаты