Тәрбие жұмыстары

03.10.2019ж    ОҚМПУ-дың  Кәсіптік-шығармашылық  факультеті студенттерінің ұйымдастыруымен  «ҰСТАЗДАР –ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР» атты ұстаздардың  кәсіби  мерекесіне орай іс-шара ұйымдастырды.    Іс-шара барысында Кəсіптік -шығармашылық факультетінің деканы М.Ж.Тəңірбергенов,  ҚР мәдениет саласының үздігі, доцент Алена Досмағанбетова ұстаздарды төл мерекесімен құттықтап сөз сөйледі.

 

Мереке қарсаңында «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасының магистр, и аға оқытушысы Жолдасбекова Гульнар Дауренбековна  «Білім беру  саласының үздігі » құрметті  атағымен марапатталды.

 

ҚР ҚОЛ ӨНЕРІ САЛАСЫНЫҢ ҚАС ШЕБЕРІ БИБАЖАР СИМОВАНЫҢ «ӨМІРІМ-ӨНЕРІМ» атты Аймақтық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары Көркем білім алып жүрген студенттерге қажетті дүние болғанына күмән жоқ.

 

13-15 .11.2017 жылы  ОҚМПИ  бас ғимаратында  ҚР Тәуелсіздігіне 26 жыл және институтқа 80 жыл мерейіне арналған 120-16  тобының студенті Тілектес  Эльмираның   «Нәзіктік мелодиясы»  атты шығармашылық  көрмесі болып өтті.

 

15-17 .11.2017 жылы  ОҚМПИ  бас ғимаратында  ҚР Тәуелсіздігіне 26 жыл және институтқа 80 жыл мерейіне арналған 107-15  тобының студенті Ахилбеков  Үсеннің   «Бояу үні»  атты шығармашылық  көрмесі  болып өтті.

 

 

 

«Қазақ хандығының 550 жылдығына орай» Жаңа технология және өнер факультетінің ұйымдастыруымен өткен «Бес белес» әдеби сазды кеші.

Елбасы: «Мәңгілік-ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман-әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел! Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алдым» деп ұрпаққа сенім артады.....

         Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Жаңа технология  және өнер факультетінің ұйымдастыруымен 17.02.16ж. №2 Жатақхана  студенттеріне   Мемелекет басшысы Н.Назарбаевтың 2016ж  «Қазақстан халқына жолдауы»  тақырыбы аясында Біз азаттық туын желбіретіп, «Тәуелсіздікке 25 жыл» атты тәрбие сағаты өткізілді.

 

 

19 қыркүйек күні График суретші Батухан Байменовтың графикалық шығармаларының жеке көрмесі өтті. Шығармашылық кешке оқу орнымыздың Бейнелеу өнері және сызу мамандығының  студенттері мен оқытушылары қатысып пікір алмасты, тың туындылармен танысты.

 

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасының меңгерушісі: п.ғ.к., А.Е. Байбатшаева «Нәзік жандылардың бейәдептілікке бейімделуі» тақырыбында 04.11.2014ж  Қазақстан-Шымкент телеарнасының «Сырғалым» бағдарламасында сұхбат берді. 

28 қыркүйек 2016 жылы Жаңа технология және өнер факультеті «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасының ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз, Ана, Ғалым» тақырыбында білікті ғалымы, үлгілі ұстазы,  аяулы ана, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Бәйдібекова Ерке Ізбасарқызымен    сыр- сұхбат іс-шарасы өткізілді

Іс-шарада оқу орнымыздың факультеттің   оқытушы-профессорлар құрамы, студент жастар қатысып, тебіренген көңіл күй мен жайдарлы жарқын жүзді ұстазбен кездесуде жұмыла  жандандыра түсті.

    Байдыбекова Ерке Избасарқызы –  шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, Қазақ халқының озық дәстүрлері негізінде тәлім-тәрбие беруді мерей тұтқан Ұстаз, Ана, Ғалым.

   «Ұстаз, Ана, Ғалым» Ерке Ізбасарқызының өмір жолында білім мен ғылым саласына сіңірген көпжылғы жемісті еңбегі мен жоғары жетістіктері туралы факультет деканы Медеубек Жұматайұлы мәлімдей отырып арамызда ұстаздар ұстаханасынан шыққан үлгілі ұстазбен бірге қызметтес болып жүрген ОПҚ-ына, осындай ардақты ұстаздан білім алып жүрген студентерге білім алуда жолы болған шәкірт,  сіздер деп атап өтті.

 

 

 

 

 

 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

08.12.2016-09.12.2016 жыл аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемелекеттік университеті, Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ ұйымдастыруымен КР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  «Ұрпаққа аманат» атты халықаралық суретшілер көрмесі және шеберлік сынып өткізіп нәтижесінде:

1.«Қолөнер»  номинациясы бойынша шеберлік сыныптар 1-ші дәрежелі диплом иегері  магистр аға оқытушы Жолдасбекова Г.

2. «Графика» номинациясы бойынша 1-ші дәрежелі диплом иегері  п.ғ.д профессоры М.Ж. Тәңірбергенов

3. «Қолөнер» номинациясы бойынша 107-13 оқу тобының студенттері Тойшыбек Г., Мұратхан Ә. 2-ші дәрежелі диплом иегерлері атанды.

  

09.12.2016 ж.Қазығұрт ауданында ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  «Қазығұрт береке, бірлік бастауы» атты суретшілердің көрме байқауында А.Ш. Калықовтың жетекшілігімен . Қасмырзаев Б. 1-ші дәрежелі диплом,

2. Г.Д.Жолдасбекова  дипломант.

3. 2-ші курс студенті Әнефия А., Құдайберген Н., 3-ші курс студенті Ергешев А., 4-ші курс студенті Мұратхан Ә. дипломант иегері атанды.   

14.12.2016ж. Шымкент қ. Пушкин атындағы облыстық кітапханасында «Тәуелсіз елім-Қазақстаным» атты  мектеп және ЖОО арасында суретшілер байқауы  өткізілді, байқауда  107-13 оқу тобының студенті Бәйтен Сандуғаш  1орын иегері атанды.

  

ҚИПХДУ және жастардың уақытты тиімді ұйымдастыру орталығы мен бірлестіктегі келісім шарт негізінде  ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  ұйымдастырылуымен «Ұстаз ұлы тұлға» атты шығармашылық  байқауы  өткізілді Байқауда жас суретшілер алғыс хат пен марапатталды.

        14.12.2016ж  Жаңа технология және өнер факультеті студенттерінің  ұйымдастыруымен ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  «25 сурет, 25 ән, 25 киім» атты мерекелік іс-шара өтті. Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттері «ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығы» тақырыбында салынған 25 сурет, Кәсіптік оқыту мамандығының студенттері 25 киім және Музыкалық білім мамандығының студенттері 25 ән ұсынды.

  

Іс-шара соңында факультет деканы  п.ғ.д., доцент М.Ж.Тәңірбергенов   оқытушылар мен студенттерді  ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесімен құттықтап, алғысхаттармен марапаттады.  

  

Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының п.ғ.к., аға оқытушы Қ.Т.Мұсақұлов шәкірттерге білім берудегі ерең еңбегі үшін  «ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығы» төсбелгісімен марапатталды.    

  

27.12.2016 жылы Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының магистр аға оқытушысы  А.Ш.Калыков   Облыстың білім саласының дамуына ерекше үлес қосқаны үшін 2016 жылдың «Үздік тәлімгері» номинациясының иегері болып танылды.

  

2016 мешін жылы «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасы үшін өте жемісті болып, жақсы аяқталды.