Хабарландыру

30.01.20

Шетелде оқуға конкурс жариялаймыз

           Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 39 «Академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру жоспарын бекіту туралы» бұйрығымен шетелдік академиялық ұтқырлық аясында Еуропа мен АҚШ-тың жоғары оқу орындарында оқуға барлық студенттерге (баклавриат бағдарламасы) конкурс жариялайды.

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі -  14.02.2020- ОҚМПУ-дің Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бөліміне 225 каб.

Үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы керек:

  1. паспорттың көшірмесі 
  2. түйіндеме (телефон номері, қосымшасы болу керек, электрондық почтаның мекен-жайы)
  3. білімі туралы құжаттар: университеттің мөрі басылған студенттің транскрипті
  4. шет тілін білу деңгейін растайтын құжат (өтініш беруші келесі құжаттардың біреуін ұсынады)

- қазақстандық университеттің тест нәтижесі (В2 деңгейінен төмен емес)

- шет тілін білу деңгейін бағалаудың халықаралық жүйелері бойынша алынған сертификат (TOEFL, IELTS), бар болса:

- шет тілі білімі бар студентті қабылдауға шетелдік жоғары оқу орнынан келісім-хат

  1. өтініш берушінің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің, егер ол Қазақстан Республикасынан кету кезінде 18 жасқа толмаған болса, олардың шетелге шығуға рұқсат жазбаша келісімі.
  2. студенттің көп балалы отбасы екенін растайтын құжат
  3. оқушының ата-анасының болмауын растайтын құжат (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санатына)
  4. студенттің мүгедектігін растайтын құжат

Ағылшын тілі деңгейін тексеру тестілеуді Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бөлімі 2020 жылдың 17 ақпанында өткізеді (225 кабинет, +7 776 116 97 97 - маман Ақмарал Мәжит - қоңырау шалмаңыз,  жазыңыз). Ағылшын тілін білу деңгейін анықтауға арналған тест туралы қосымша ақпарат біздің бөлімге құжаттар тапсырылғаннан кейін, әр студентке жеке хабар береміз.