Испандық ғалым дәріс оқуда

29.01.20

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері Испанияның  Хавьер Родригес Иларри атындағы политехникалық университеті профессорынан дәріс тыңдауда. Білім ордасы шетелдік ғалымды жаратылыстану факультеттері,  химия және биология мамандығын игеріп жатқан жастарға білім беру ісіне  шетелдік мамандарды қатыстыру мемлекеттік бағдарламасы аясында шақырып отыр.  Испандық ғалым  енді университет студенттеріне 1 ай бойы дәріс оқиды.  Мұндай әріптестік академиялық ұтқырлықты дамытып, халықаралық  байланыстарды нығайта түспек.