Оқу әдістемелік жұмыстар

Оқу-әдістемелік жұмыстар

2017, 2018, 2019 оқу жылына кафедраның білім мазмұнын анықтайтын құжаттармен қамтамасыз етілуі (стандарттар, типтік оқу жоспары, типтік оқу бағдарламалары, оқу бағарламалары, пәндер каталогы).

6В01403-Музыка мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасы (бакалавриат), 7М01403-Музыкалық білім педагогын даярлау (магистратура) білім беру бағдарламасы, 5В010600 - Музыкалық білім  мамандығы типтік оқу жоспарымен (2015, 2016, 2018)  типтік оқу бағдарламаларымен қамтамасыз етілген. Пәндер каталогы жасалып, «Univer» автоматтандырылған бағдарламасына енгізілді.

Пәндер бойынша силлабустар көбейтіліп, білімгерлерге таратылды. Пәндердің барлығына  пән оқытушылары СМЖ талабына сәйкес пән кешендері жасалынды.

Оқытушылардың біліктілігін арттыру жөніндегі мәліметтер

 Кафедрада ОПҚ-ның біліктілігін арттыру жұмыстары жүйелі түрде  жүргізілуде.

2017-2019 оқу жылына магистр оқытушы Исабекова Г.Т. ҚР  педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың денгейлі бағдарламалары негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушы құрамын оқыту бағдарламасы бойынша 232 аккадемиялық сағат көлеміндегі курсын аяқтады (Астана 15.10-27.10.2018ж.); магистр оқытушы Исабекова Г.Т. ҚР  педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың денгейлі бағдарламалары негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушы құрамын оқыту бағдарламасы бойынша 232 аккадемиялық сағат көлеміндегі курсын аяқтады (Астана 19.11-30.11.2018ж.); Аға оқытушы Р.Т. Сырайлова,  магистр оқытушы Ы.Қ.Атығаев «Өрлеу» біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша 01.04.-17.05.2019ж. аралығында Шымкент қаласы ОҚМПУ базасында «Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар»  260 сағаттық білім беру  курсын өтті.

 

 

             2019-2020 оқу жылынының 1-жарты жылдығына Досбағанбетова А.Т., Арыстанова Ш.С., Қарсыбаева А.М., Балабекова А.А., Смаилова М.С., Байғонова А.С. Исабекова Г.Т. Шымкент қаласы «Институцияналдық аккридиттеу шеңберінде жоғар оқу орнының өзін-өзі бағалау бойынша есебін дайындауы» атты оқу семинарына қатысты  22.11.2019 ж. (тіркеу нөмері № А-0801).

Кафедра оқытушыларының оқытудың жаңа белсенді инновациялық әдістері мен мультимедиалық құралдарды қолдануы, оқытушылардың ашық сабақ, өзара сабаққа қатынасуы, нәтижесі мен бағалануы

Музыкалық білім кафедрасының оқытушылары инновациялық әдістерді қолданудың студенттердің деңгейін арттырып, оларда тыңғылықты, дәлелді білім қалыптастыратынын есепке ала отырып, оқу процесіне бірқатар инновациялық әдістерді енгізуді қолға алуда.

Оқытушылар оқу-процесінде, оқу-әдістемелік жағын  толық қамтамасыз етті.  Оқытушының студентпен қарым-қатынасы, талап қоя білуі қабілеті жоғары деңгейде қалыптасқан. Оқытушыларда кәсiби сапалық қызмет пен қасиеттерінің негiзгi элементтері: сырт көрiнiсі мәдениетi, сөйлеу мәдениеті, қарым - қатынас мәдениетi, педагогтық әдеп, ұстаздық шеберлiк сынды элементтері жоғары оқу орны талаптарына сай.

Оқытушы-профессорлардың оқу-әдістемелік жұмыстарының көрсеткіші (баспадан шыққан оқулық, оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал, нұсқаулар)

Кафедра оқытушылардың дайындаған оқу құралдары және оқу әдістемелік нұсқаулары кредиттік оқыту жүйесінің талаптарына сай дайындаған.