Онлайн-семинарға қатысты

27.01.20

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті педагогика-гуманитарлық факультетінің оқытушылары республикалық онлайн семинарға қатысты. Басқосуды Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті ұйымдастырды. Семинарда Ақтөбе, Шымкент, Көкшетау мен Қызылорда облысының педагогтары кәсіби жетістіктерді жаңғырту жайын сөз етті. Тақырыпқа байланысты Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының докторы А. Доспенбетова орта мектептерде білім сапасын арттырудың шетелдік әдіс-тәсілдері туралы баяндама оқыды. Жиында психологияны оқыту әдістемесі, сандық технология, электрондық оқулықтар және бастауыш сыныптарда жаратылыстану сабағын жүргізу жайын талқылады. Білім ордасы мұғалімдерін онлайн семинарға қатысуына педагогика-гуманитарлық факультетінің деканы Эльмира Оразбаева ұйытқы болды.