Ғылыми жұмыстар

«Музыкалық білім»  кафедрасының ғылыми-кадрлық әлеуеті:  «Музыкалық білім»  кафедрасында 25 оқытушы жұмыс жасайды, соның ішінде 1- ғылым докторы, 2- ғылым кандидаты, 5-ҚР мәдениет қайраткері, 3- ҚР «Мәдениет саласының үздігі» 6 магистр-аға оқытушы, 3 магистр оқытушы, 5 аға оқытушы.  Ғылыми дәрежелігі 44% құрайды.
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының бағыты: «Қазақстанның инновациялық даму контекстіндегі музыкалық және мәденишығармашылық білімнің фундаменталды және қолданбалы негіздері»
2018 күнтізбе жылында «Қазақстанның инновациялық даму контекстіндегі музыкалық және мәдени-шығармашылық білімнің фундаменталды және қолданбалы негіздері» бағыты бойынша 51 мақала әртүрлі ғылыми басылымдарда жарыққа шықты. Оның ішінде Импакт-факторы жоғары басылымдар мен нөлдік емес импакт-факторлы журналдарда 2мақала: Досбағанбетова А.Т., Қарсыбаева А.М. «Проблемы развития восприятия национальнойинструментальной музыки в младшем школьном возрасте и пути их решения»; Alena T. Dosbaganbetova «Axiological aspects of music teacher’s creative potential development in modern innovation and educational environment.». Алыс және жақын шетел/халықаралық -8 мақала; ҚР халықаралық -12 мақала; республикалық-26 мақала
 Оқытушы-профессорлардың оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша  - 1 әдістемелік нұсқау, 4 оқу  құралы баспаға ұсынылды: И.М. Куленова - «Начальный курс фортепиано» оқу құралы; И.М. Куленова - Методические указания по дисциплине «Специальный  инструмент  (фортепиано)» для студентов специальности  5В010600 - «Музыкальное образование»; Исабекова Г.Т. - «Болашақ музыка мұғалімінің кәсіби шеберлігін қалыптастырудың-психологиялық шарттары»  оқу құралы; Байбатырова Ұ.А., Кененбаев С.Н. - «Қазақтың дәстүрлі ән өнері» оқу құралы; Лес М.К., Қарсыбаева А.М.- «Прима қобыз бен қыл қобызға арналған 5В040500-«Аспаптық орындау» мамандығы бойынша студенттерге арналған хрестоматия».
Оқытушылардың жетістіктері: 
07.03.2018ж – магистр-аға оқытушы Ш.С. Арыстанова «Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтына 80-жыл» мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды
05.10.2018ж. – магистр аға оқытушы А.М. Қарсыбаева  Ұстаздар күніне орай «Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтына 80-жыл» мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды   
 
2019 күнтізбе жылында
  «Қазақстанның инновациялық даму контекстіндегі музыкалық және мәдени-шығармашылық білімнің фундаменталды және қолданбалы негіздері» бағыты бойынша 2019 күнтізбе жылында  20  мақала жоспарланып,   ғылыми журналда - 1 мақала, республикалық конференцияларда   - 31 мақала,  ҚР халықаралық конференцияларда - 38 мақала; алыс және жақын шетелде -12 мақала  жарыққа шықты.
 
            2019 оқу жылында оқытушы-профессорлардың оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша 2 лекция жинағы, 3 оқу құралы , 1 әдістемелік нұсқау жоспарланып жарыққа шықты: М.С.Смаилова  «Әлем музыка тарихы»  пәнінен лекция жинағы; Арыстанова Ш.С., Досбағанбетова А.Т. «Батыс күйшілік өнер» оқу құралы; Сыраилова Р.Т. «Музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі»  пәнінен лекция жинағы ;  Балабекова А.А. «Музыка пәнін оқыту әдістемесі» пәнінен оқу құралы ;  Арыстанова Ш.С. «Арнайы дайындық ( Аспаптық орындау-домбыра) пәнінен оқу-әдістемелік нұсқау»;  Қарсыбаева А.М. «Қобызға арналған шығармалар» 
 
            2019 жылы 17-18 қазан күндерінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің  Кәсіптік шығармашылық факультеті «Музыкалық білім»  кафедрасының ұйымдастыруымен  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті, Түркістан облысы Қазақстан халықтары ассамблеясымен бірігіп  «Рухани жаңғыру»  мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға арналған «Қазақстан халықтарының еуразиялық музыкалық кеңістіктегі этнотолеранттылығын қалыптастырудағы көркем шығармашылық мүмкіндіктері» тақырыбында бас ғимаратың акт залында  Халықаралық Арт-симпозиумы өтті
Акт залының алдында фойеде  конференцияға қатысушыларды  тіркеу жүргізілді және ұстаз-ғалымдары мен студенттерінің ғылыми жетістіктері  мен еңбектерінің көрмесі өтті. Пленарлық мәжіліс алдында фойеде Бейнелеу өнері кафедрасының уздік шығармашылық жұмыстары көрмеге қойылды, және Музыкалық білім кафедрасының «Қазығұрт» фольклорлық ансамблі өз өнерін көрсетті
         Арт-симпозиумның пленарлық мәжілісін ашуға Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ақлима Мархабатқызы шақырылп сөз сөйледі. Әрі қарай  «Кәсіптік-шығармашылық» факультетінің деканы Тәңірбергенов Медеубек Жұматайұлы өз лебізін білдірді.
Баяндамашылар:
  1. ҚР Халық әртісі, ХҚТУ профессоры Қажыбек Құдайбергенұлы Бекбосынов «Ғарифулла Құрманғалиевтың ұлттық шығармашылығының рухани жаңғырудың құндылығы» тақырыбында баяндама жасады.
  2. Мадатова Гюльназ Орудж гызы диссертант, Азербайджанская государственная художественная академия, Баку, Азербайджан – «Своеобразность описаний человека в произведениях заслуженного художника Фармана Гуламова» тақырыбында баяндама жасады.
  3. Хашимжанов  Икрам  Акрамұлы ОҚО акиматы Өзбек драмалық театр директоры, -  «Развитие традиционной культуры узбекского народа в современном социокультурном пространстве» тақырыбында баяндама жасады.
  4. Сыдыкова Роза Шаймардановна п.ғ.д.,  профессор - «Интерпретация духовных ценностей традиционного творчества и современного искусства в парадигмальном развитии» тақырыбында баяндама жасады.