Студенттер тәжірибеден өтіп жатыр

22.01.20

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері Шымкент қаласындағы мектептерде тәжірибеден өтіп жатыр. Болашақ педагогтарға бағдар беру мақсатында өткізілген конференцияда ұстаздар сабақ өту, баламен жұмыс, күнделік жүргізу тәртібін түсіндіріп береді. Бүгінгі таңда 1 мың 300 студент шаһардағы 69 мектепте тәлімгерлердің жетекшілігімен сабақ өтуде. Олар өздерінің алғашқы дәрістері жайлы университет сайтына қызықты ақпараттар жариялай бастады. Тәжірибе кезінде өзін кәсіби маман  ретінде таныта алған студенттер болашақ жұмыс орнын да айқындап алмақ.