Ұстаздар спорттық бәсекеге түсті

22.01.20

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде факультеттер арасында спартакиада басталды. Спорттық шеберлігін шыңдап жүрген ұстаздар мен  ширақ та епті қызметкерлер командалық құрамда жүлделі орын үшін сайысуда. Олар спорттың баскетбол, волейбол және шахмат түрі бойынша бақ сынайтын болады.  Ұйымдастырушылардың айтуынша жыл сайын  цифрлы ағартушылық ресурстық орталығының командасы спартакиадада топ жарумен келеді. Бұл команда биыл да жүлдеден үмітті. Достық рәуіште өтіп жатқан спорттық жарыс осы аптаның соңында аяқталады.