Әкімшілік

Тәңірбергенов Медеубек  Жұматайұлы - п.ғ.д., профессор,

Қазақстан Педагогика Ғылымдары Академиясының академигі,

ҚР ЖОО-ың Үздік оқытушысы, ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі

1983-1990 жылдары М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институты, Көркем сурет және графика факультетінің «Сурет, сызу және еңбек» мамандығын бітіріп Сурет, сызу және еңбек пәні мұғалімі біліктілігін алған.

 1990-1991 жылы ОҚО Келес ауданына қарасты «Большевик» орта мектебінде сурет, сызу және еңбек пәні мұғалімі болып жұмыс атқарған.

1991-1995 жылы Қ.А.Иассауи ат. ХҚТУ-нің Шымкент педагогикалық институты, Көркем сурет және графика факультетінің «Сурет» кафедрасында оқытушы, 1995-2005 жылдары М.Әуезов ат. ОҚМУ-нің «Сурет және Кескіндеме» кафедрасының аға оқытушысы, доценті, 2005-2012 оқу жылдары М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасының меңгерішісі қызметін атқарған.

2012-2013 оқу жылынан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының шақыртуымен «Академиялық ұтқырлық және ХБ орталығының» бастығы, 2014 жылы «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасының меңгерушісі, 2015 жылы «Жаңа технология және өнер» ғылыми мектебінің директоры, 2017 жылдан «Кәсіптік-Шығармашылық» факультетінің деканы қызметтерін аброймен атқарып келеді.

2004 жылы 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі бейнелеу өнері) мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін, 2010 жылы 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі бейнелеу өнері) мамандығы бойынша диссертациялық еңбегін сәтті қорғап педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алған.

2005 жылдан Педагогика саласы бойынша «Доцент (қауымдастырылған профессор)», Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі (2006ж.).

Қазақстан Республикасының БжҒ министрлігінің 2007, 2014 жылдардың «ЖОО-ның үздік оқытушысы мемлекеттік грант иегері»

160-тан астам ғылыми зерттеу еңбектері жарық көрген, оның ішінде 4-монография, 2-оқулық, 20-оқу құралы, оның ішінде 3-оқу құралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің грант иегері, 15-әдістемелік құралдар, 20 - ЖАК тізіміндегі шет елдердің және Қазақстан  ғылыми жұрналдарында, 100-ге жуық мақалалары халықаралық, аймақтық, республикалық ғылыми практикалық конференцияларының ғылыми еңбектер жинағында жариаланған.