Тәрбие жұмыстары

 

 

2018 жылғы 18 қазанда Педагогика-гуманитарлық факультеті ақын Ақмарал Леубаеваның «СЕНІҢ АТЫҢ ЖАҚСЫ АДАМ» атты жыр жинағының тұсаукесерін өткізді. Кеш қонақтары Өмір Шыныбекұлы, Бейсен Тәжібай, Ғалымжан Елшібай, Маржан Есжанова, Анар Жаппарқұлова және ақынның өнердегі достары және Шымкент педагогикалық институтының 1992-1993 жылғы түлектері.

    

 

 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА-ГУМАНИТАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ДЕФЕКТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

                          ТӘЛІМГЕРЛІК САҒАТТЫҢ

                         №13 Хатамасы

Тәлімгерлік сағатының  тақырыбы:

«Инабалы ұл, ибалы қыз-өмір көркі»

Өткізілген күні: 19.12.2018ж

Өткізілген аудитория: 312

Қатысуға тиісті студенттер саны:25

Тәлімгерлік  сағаттың  барысы

            Топта  «Инабалы ұл, ибалы қыз-өмір көркі» тақырыбында студенттер арасында тәлімгерлік сағат өтті.

            105-16 оқу тобының тәлімгері Каипова Ж.М «Инабалы ұл, ибалы қыз-өмір көркі» тақырыбы туралы түсіндіріп  өтті.Осы тақырып бойынша студенттерге сұрақ қою арқылы ой тастады.

           105-16 тобының студентті Керімбек Балнур сөз алып өз баяндамасын оқыды.

           Баяндаманың негізгі мазмұны:

         Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады.

Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Қазақ отбасындағы үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін алдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған.

Қазіргі заманда қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді.Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлттытәрбиелейміз-деп бекер айтпаса керек. Халқымыздың ерте кезден- ақ Адамгершілікті, әдепті жоғары бағалай білген. Отбасы-қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы-әйіл адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған үлгі- өнеге көрген қыз бала қайда болса да келін болғанда да көргендігін көрсетеді. Ал жақсы тәрбие алған үлгі өнеге көрген ұлдар жау келгенде де жайдақ тақа мініп шабатын өжет,батыл, адал, жеріне туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де , кішіге де қамқор бола білген ғой. Әдептілік,инабаттылық сыйлау жағынан халқымыз алдыны жан салмаған. Бір өкініштісі уақыт өткен сайын осынау асыл қасиеттерімізден айырылып бар жатқандаймыз. Ұлттың ізгі дәстүрімізді ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіре қармай,осы заманға лайықтысын таңдап алып,инабатты қыз ұлағатты ұл тәрбиелеу ата-ананың да ұстаздар қуымының да міндеті.
Қазақ халқы ұл мен қыз тәрбиесіне енжар қарамаған. «Ұлым жақсы болсын десең – біліктімен ауыл бол,қызым жақсы болсын десең – қылықтымен ауыл бол» дейтін қазақ, ұлдары тайға мініп өз тізгінін өзі ұстап жүруге жарай бастағаннан, қыз балаларды ес біліп, етек жаба бастағаннан өнерлі, текті, тәрбиелі, адамгершілігі жоғары кісілермен барыс-келіс, алыс-беріс жасап, олармен көрші отыруға құлшынған, әрі ресми тәрбие жүргізе бастаған.

 

     Қорыта келе, Ата-бабамыз ежелден Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат ата- ананың отын тұтатушы болып саналады. Ал қыз баланы «қызға қырық үйден тыйым»- деген мақалды, қағиданы берік ұстанып, болашағына зор сеніммен қараған.

Тәлімгер сағатының қорытындысы: Тақрып талқылансын деп саналсын.

Кафедра менгерушісі:                                                   Ж.А.Масалиева

Факультеттің аға тәлімгері:                                         Б.А.Аяпова

                                    

Тобы: 105-16

Тақырыбы: «Инабалы ұл, ибалы қыз-өмір көркі»

Өткізілген күні: 19.12.2018ж  

                                                                                                                                                                                                                                                      

    

 Бір жеңнен қол бір жағадан бас шығарып жұмыла көтерген жүгіміздің жеңіл болғанын қуана хабарлаймыз. Әрине Алланың сынағына түсіп әлемде осындай балалардың біздің шүкірлігіміз үшін жаратқанына тағы да бір көз жеткіздік. Жыладық. Жүрегімізбен мұңайдық. Соңынан шүкір дедік. Себебі олардың жабырқаган жүздеріне бір сәтте болсын қуаныш ұялатканымызға қуанып кайттык. 1 апта бойына жоспарланған бастамаларымыздың бүгін алғашқысы жоғарғы деңгейде өтті. Қаламыздағы №6 балалар үйіне барып ОҚМПУ 1 Студенттер үйі қыздарының ұйымдастыруымен үлкен қайырымдылық концерті болды. Балалармен би билеп, ойын ойнап, ән шырқалды. 1-2 сағатқа созылған кешке демеушілерімізде өз көмегін көрсетіп жатты. Кеш соңында ұйымдаскан қолдың көмегімен әртүрлі  заттар апарылып берілді. Бұл әрине Алла разылығы үшін жасаған амалымызбен балалардың бақыты үшін жасаған  жақсылық деп білеміз!           

Студенттермен тәрбие жұмыстары жоспарлы жүргізілді. Атап айтсақ  101-15 оқу тобының студенттерінің  ұйымдастыруымен тіл мерекесіне «Тіл –тұтастықтың ұйытқысы» тақырыбында жоғары деңгейде  мерекелік іс-шара өткізді.

Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология кафедрасы

Ұстаздар қауымының төл мерекесіне орай «Ұстаз- мәңгі нұрдың қызметшісі» атты мереклік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шараға факультет студентерінің барлығы қатыстырылды.

Мектепке дейінгі тәрбие және  дефектология кафедрасы 101-14 оқу тобының «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» атты ашық тәрбие сағатының көріністері

 

 

Мектепке дейінгі тәрбие және  дефектология  кафедрасы 101-14 оқу  тобының «Нұр себеле,  Ұлыстың Ұлы күні»атты ашық тәрбие сағатының көріністері

 

 

2016 жылғы 30 қыркүйекте 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай, Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология кафедрасына қарасты  көптілді  105-25а, 101-15а оқу топтарының ұйымдастырылуымен «Тілге құрмет – елге құрмет» атты іс-шара өткізілді.