Оқу әдістемелік жұмыстар

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА-ГУМАНИТАРЛЫҚ  ФАКУЛЬТЕТІ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ДЕФЕКТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Оқу-әдістемелік жұмыстар

Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология кафедрасында 2018-2019 оқу жылында өткізілген семинарлар

Семинар тақырыптары

Күні, уақыты

қатысушылар

1

Мектепке дейінгі білім беруде білім беру ісінің 4К  моделін  (креативтілік, сыни ойлау, коммуникативтілікті дамыту және командада жұмыс істей білу) қолдану арқылы білім сапасын арттыру жолдары

27.11.2018

1030

320Б ауд.

Ногайбекова Б.С.  «Педагог» әдістемелік кеңес орталығының директоры, Шымкент қаласының №97, №34 бөбекжай балабақша әдіскерлері мен тәрбиешілері, кафедра оқытушылары және    5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының студенттері

2

Мектепке дейінгі жастағы тұтықпасы бар балалардың тыныс алуының және сөйлеу тілінің даму ерекшеліктерін анықтау

05.11.2018

1030

320Б ауд.

№1 Пушкин жалпы орта мектебінің логопеді М.Жолтаева  өткізді.

 

3

"Дислалия. способы коррекции"  атты әдістемелік семинар болды.

 

12.11.2018

1030

320Б ауд

№28 Гаухар арнайы балабақшасының логопедтері Сопбекова Г.У., Порошина Е.П., кафедра оқытушылары және    5В010500-Дефектология мамандығының студенттері.

Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология кафедрасында өтілген әдістемелік семинарлар

      1) 2018 жылғы  27 қараша күні  Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология кафедрасының ұйымдастыруымен  «Мектепке дейінгі білім беруде білім беру ісінің 4К  моделін  (креативтілік, сыни ойлау, коммуникативтілікті дамыту және командада жұмыс істей білу) қолдану арқылы білім сапасын арттыру жолдары»  атты әдістемелік семинар болды. Әдістемелік семинарға Ногайбекова Бақытгүл Саматқызы  «Педагог» әдістемелік кеңес орталығының директоры, Шымкент қаласының №97 Ақмарал, №34 Ақжелкен бөбекжай балабақша әдіскерлері мен тәрбиешілері, кафедра оқытушылары және    5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының студенттері

  

    2)  2018 жылғы  5 қараша айында  кафедрада 105-15, 105-25а топтарында өтілетін Тұтықпаны жою пәнінен «Мектепке дейінгі жастағы тұтықпасы бар балалардың тыныс алуының және сөйлеу тілінің даму ерекшеліктерін анықтау» тақырыбын практика жүзінде студенттерге көлемді етіп өтуге №1 Пушкин жалпы орта мектебінің логопеді М.Жолтаева  өткізді. 

 

     3) 2018 жылғы  12 желтоқсан күні  Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология кафедрасының ұйымдастыруымен  "Дислалия. способы коррекции"  атты әдістемелік семинар болды. Әдістемелік семинарға №28 Гаухар арнайы балабақшасының логопедтері Сопбекова Г.У., Порошина Е.П., кафедра оқытушылары және    5В010500-Дефектология мамандығының студенттері.

 

 Кафедра 2 мамандық бойынша мамандар даярлап шығарады:

5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

5В010500-Дефектология

          Оқу-әдiстемелiк жұмыстар кафедра мәжiлiсiнде талқыланып, бекiтiлген   жұмыс жоспарына және оқытушылардың жеке жоспарына сәйкес жүргiзiледi.

          Кафедра профессор-оқытушылар мен студенттердің танымдық белсенділігін арттыру мақсатында заман талабына сай, оқытудың интерактивтi түрлерiн енгiзе отырып ашық сабақтар өткізіп отыру жолға қойылған.

       2017 жылғы  27 қарашада  Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының  Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен «Қазақстандағы мектепке  дейінгі білім берудің ғасырлық тарихи шежіресі»  тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына облыс, қала  бойынша мектепке дейінгі мекемелердің меңгерушілері, әдіскерлері, тәрбиешілері  және  арнайы шақыру хатпен  Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология кафедрасының оқытушылары  (Масалиева Ж.А., Даркулова К.Н., Балажанова Ж.Б., Абуова Б.Ж., Мамытбаева Ж.А., Сүлеймен А.Қ.) және студенттер  қатысты.

 

     Конференцияда кафедраның оқытушылары Ж.А. Мамытбаева «Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдардың дамуына үлес қосқан ғалымдар» тақырыбындағы  және А.Қ. Сүлейменнің  «Мектеп жасына дейінгі балаларға гендерлік тәрбие берудің ерекшеліктері» тақырыбында баяндамалар оқылып облыстық ғылыми тәжірибелік конференциясында белсенділік танытқаны үшін алғыс хат берілді.

 

       
   
     
 

       

 

      22.11.2017 күні сағат 0930-да  317 аудиторияда, Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология кафедрасының   оқытушы Б.А. Аяпова  «Мектепке дейінгі педагогика» пәні бойынша  «Мектепке дейінгі баланың есі» тақырыбында ашық сабақ «Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» және АК технологияларды қолдану негізінде ұйымдастырылған дөнгелек үстел түрінде өтілді. Сабақтың тақырыбын кеңірек ашу мақсатында «Сұрақ жауап», «реббус», "кейс-стади" стратегиясын қолданды.

  

      Кері байланыс кезеңінде студенттер ассоциаграмманы өздері құрып өз ой қорытындылары мен тұжырымдар жасады.

Сабақты қорытындылау барысында тақырыпқа байланысты пікірлерін рефлексиясын саралаудың нәтижесінде аталған сипатта өткізілген практикалық сабақ студенттерге жағымды эмоциялар тудырып, талқыланып отырған мәселенің теория және қолданбалылық тұрғысынан түсінуге мүмкіндік берді.

 

 

      2015-2016 оқу жылының бірінші жартысында  жоспар бойынша  кафедрада 2 ашық сабақ өткізу жоспарланған. Ашық сабақ кестесі кафедра мәжілісінде (№ 1 хаттама, 27.08.15 ж) бекітілген. Бұл жоспар толығымен орындалып, ашық сабақтардың сапасы, деңгейі туралы пікірлер кафедра мәжілістерінде (№ 5 хаттама, 21.12.15ж.) талданды және ұсыныстар берілді, қорытындысы арнайы журналға тіркелген.

Кафедраның доценті, филология ғылымдарының кандидаты  Кажиакбарова Р.Б.  3 курс 101-13 оқу тобында  «Шағын фольклор жанры шығармаларын оқу»   тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ «Егер де біз...» стратегиясы: «Егер де мен ертегіші болсам....» деп, ертегінің соңын өз еркінше аяқтау мектеп жасына дейінгі баланы қиял әлеміне самғатып ойлауына мүмкіндік беретінін шығармашылыққа жетелейтін жолдарын көрсете білді.

Сонымен қатар, магистр-оқытушы  оқытушы Ұ.Ж. Құдайбергенова 105-15 оқу тобы студенттерімен «Логопедия негіздері»  пәні бойынша «Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында қолданылған: «сыни тұрғыдан оқыту, дамыта оқыту» технологияларын қолдана отырып түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап әдіс-тәсілдерін пайдаланды.  Ашық сабақтар  барысы кафедра мәжілісінде талқыланып, талдау жасалынды.

 

    

Ф.ғ.к., доцент  Р.Б. Кажиакбарова 101-13 оқу тобында ашық сабақ барысында  

2015-2016 оқу жылының бірінші жартысында  оқытушылардың 13 өзара сабаққа қатысу жоспарланып, уақытында  орындалған. Оның ішінде 9 лекция және 4 практикалық сабақ. Өзара сабаққа қатысу құрылған кесте бойынша орындалып,  сабаққа қатысып,  пікір білдіру өзара сабаққа қатысу журналына толтырылды. Өзара сабаққа қатысу кестесі жыл басында кафедра мәжілісінде бекітілген (№1 хаттама, 27.08.2015 ж.).

2015-2016 оқу жылының бірінші жартысында кафедрадан п.ғ.к., аға оқытушы Г.А.Жапбарова  «Өрлеу» Қазақстан Республикасының ЖОО педагогикалық қызметкерлерінің біліктілікті арттыру курсынан өтті (240 сағат).

Р.Б.Кажиакбарова Астана қаласында Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген республикалық біліктілікті арттыру курстарына (23.11.-05.12.2015ж.) қатысып, сертификатқа ие болды. 

Оқытушы-профессорлардың оқу-әдістемелік  жұмыстарының көрсеткіші

Кафедрада 2015-2016 оқу жылының І жартыжылдығында Ж.А.Масалиева мен Б.А. Мустафаеваның «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехника әдісін қолдану» атты оқу-әдістемелік құралы, Ж.А.Масалиева мен Ж.Т. Батырханованың  «Саусақ жаттығулары баланың ұсақ моторикасын дамыту» атты оқу-әдістемелік құралы, А.А.Сұлтанбекова мен  Ұ.Ж. Құдайбергенованың  «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тілге оқыту әдістемесі» пәнінен дайындаған   лекция жинағы  жоспарланып, орындалды.

     

      2016 жылдың 12 ақпанында  Бастауыш білім факультетінің Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология кафедрасының ұйымдастыруымен «Болашақ педагогтарға инклюзивті білім беру мәселелері» тақырыбында аймақтық  семинар өтті.

      Семинарға Шымкент қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, Облыстық психологиялық-медициналық педагогикалық кеңес беру мекемесінің мамандары, Шымкент қалалық психологиялық-медициналық педагогикалық кеңес беру мекемесінің бас маманы, Шымкент қаласының мектеп директорларының оқу ісі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, жалпы білім беретін мектеп  логопедтері,  дефектологтары және инклюзивтік білім беру мәселелеріне байланысты жоғарғы оқу орындарының оқытушылары қатысты.

     

 Семинар қатысушыларына инклюзивтік оқытуды тәжірибеге енгізіп жүрген ұстаздар дайындаған баяндамаларын жасады, өзімізде қалыптасып жатқан инклюзивті дағдыларды іске асыру тәжірибелерімен  таныстырып өтті.

     Семинар барысында  инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті сұрақтарына қатысты пікір алмасулар және дамуында ерекшеліктері бар тұлғаларға білім беру процесінде толерантты қарым-қатынасты қалыптастырудың мүмкін болған түрлері анықталды.

      Семинар соңында Бастауыш білім факультетінің деканы Э.Б. Оразбаева және Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология кафедрасының меңгерушісі Ж.А.Масалиева  барлық  қатысушыларға  ықыласын білдіріп сертификаттар тапсырды, қатысушылар да қажетті ақпараттармен, тәжірибелерімен алмасқандарына өз ризашылықтарын білдірді.

2015-2016 оқу жылының қараша айында кафедрадан аға оқытушылар Б.Ж.Абуова және  Г.А.Жапбаровалар  Қазақстан Республикасының және Ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталық акционерлік қоғамы. «Инклюзивті білім беруді жетілдіру мен дамытуда мектептердің ресурстық мүмкіндіктері» тақырыбында 72(сағат) көлемінде біліктілікті арттыру курсына қатысып сертификатқа ие болды.

 

Осы жылдың наурыз айында «Өрлеу» БАҰО АҚФ ОҚО бйынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында өткен «Заманауи білім берудегі М.Монтессоридің педагогикалық жүйесінің өзектілігі» тақырыбындағы семинарға белсенді қатысқаны үшін Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология кафедрасының меңгерушісі Ж.А.Масалиеваға алғыс жарияланып, алғыс хатпен марапатталған.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық  институты Бастауыш білім факультеті, Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология, Бастауышта оқыту әдістемесі кафедралары ішкі академиялық ұтқырлық аясында  Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Амирова Амина Слямхановнаның «Кіші мектеп жасындағы педагогикалық-психологиялық диагностика», «Педагогикалық технологиялар» пәндері бойынша лекция оқылды.

     2016 жылдың 22 ақпан мен 5 наурыз аралығында өтілген лекцияға Бастауыш білім факультеті  5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандықтарының 3 курс  студенттері  және кафедрадағы жас мамандардар қатысты.

      Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық  институты Бастауыш білім факультеті, Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология кафедрасында сыртқы  академиялық ұтқырлық аясында Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, п.ғ.д. Муминова Лола Рахимовнаның 2016 жылдың 28 наурызбен 7 сәуір аралығында 5В010500-Дефектология  мамандығының 3 курс студенттері үшін «Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне енгізу» пәні бойынша лекция тыңдалды.

        «Мектепке дейінгі ұйымда оқу іс-әрекеттері  арқылы балалардың танымдық белсенділіктерін дамыту» тақырыбындағы дөңгелек  үстел

2016 жылдың 11 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік  педагогикалық институтының Бастауыш білім факультеті, Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология кафедрасы және қаламыздағы мектепке дейінгі мекемелерімен бірлесіп «Мектепке дейінгі ұйымда оқу іс-әрекеттері  арқылы балалардың танымдық белсенділіктерін дамыту»атты  тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

      

     2016 жылдың 27 қазанында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік  педагогикалық институтының Бастауыш білім факультеті, Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология  кафедрасы және Шымкент  қалалық  білім бөлімі ғылыми-әдістемелік орталығы «Аруна» мектепке дейінгі шағын орталық жеке мекемесімен  бірлесе отырып  ұйымдастыруымен «Күз кереметі»  тақырыбында аймақтық  семинар өткізілді.

   Семинарға №11 «Аружан» бөбекжай балабақшасы, «Нұр АСУ» бөбекжай-балабақшасы, «Мерей» бөбекжай-балабақшасы, «Қуаныш-М» бөбекжай-балабақшасы, «Мақсат» бөбекжай-балабақшасы, «Ару сымбат» бөбекжай-балабақшаларының меңгерушілері, әдіскерлері, тәрбиешілері және   Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология кафедрасының оқытушылары,5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының  101-14 тобы студенттері  қатысты.

Тәрбиешілер семинар барысында барлық саланы қамти отырып,  балаларды белсендіру мақсатында  интерактивті әдіс-тәсілдерін көрсетіп, ойын түрінде өтті. Концерттік бағдарламасында қатысушылар кішкентай бүлдіршіндердің өнерін тамашалады. Аймақтық семинар өз мақсатына жетіп, жоғары бағаға ие болды.

 

24.11.2016ж. Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология кафедрасының  аға оқытушысы Г.Ахметова «Мүмкіндігі шектеулі балалардың клиникалық даму ерекшеліктері» пәні бойынша «Ақыл-ойы тежелген балалардың даму ерекшеліктері» тақырыбындағы ашық сабағы  ағылшын тілінде, имитациялық ойын форматында «Дефектология» мамандығының 2 курс студенттерімен  өтті.    

      Мүмкіндігі шектеулі балалардың ақыл-ой жетіспеушілігінің этиологиясын, классификациясын, даму ерекшеліктерін толық көрсету мақсатында, сабақ ток-шоу барсында ашылды. 

      105-25а топ студенттері барлығы ашық сабақ барысында ағылшын тілінде сөйлеп,  жүргізуші, эксперттер, мүмкіндігі шектеулі балаларды және олардың әлеуметтік қызметкер рөлінде ойнады. Ток-шоу барысында өтілген ашық сабақ өз мақсатына жетті, оқу-тәрбие процесінің оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі, көрнекіліктермен әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуі және ағылшын тілінде жоғары деңгейде болды.

   

Аға оқытушы Г.К.Ахметова 105-25 оқу тобында ашық сабақ барысында

     30.11.2016ж. Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология кафедрасының  аға оқытушысы А.А.Султанбекова «Мектепке дейінгі психология» пәні бойынша  «Балалық шақ мәселелері» тақырыбында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1 курс 101-86 оқу тобының студенттеріне  ашық сабақ  өткізді.
      «Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» және АК технологияларды қолдану негізінде ұйымдастырылған лекция-диспут түрінде өтілді. Сабақтың тақырыбын кеңірек ашу мақсатында «смарт-мақсат», «ассоциаграмма», "кейс-стади"  стратегиясын қолданды. Агрессивтік мінез құлық кезіндегі ақауларды анықтап, балалардың суреттері арқылы толық сипаттамасын берді.

    Кері байланыс кезеңінде студенттер ассоциаграмманы өздері құрып өз ой қорытындылар мен тұжырымдар жасады.  

    Сабақты қорытындылау барысында тақырыпқа байланысты  пікірлерін рефлексиясын саралаудың нәтижесінде аталған сипатта өткізілген лекцияны студенттерге жағымды эмоциялар тудырып, талқыланып отырған мәселенің теориялық және қолданбалылық тұрғысынан түсінуге мүмкіндік берді.

  

Аға оқытушы А.А.Султанбекованың 101-86 оқу тобындағы ашық сабағынан көрініс

 

       2016 жылғы  23 желтоқсанда  Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының  Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинеті және Бастауыш білім және педагогика   факультетінің Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология кафедрасымен бірлесе отырып  ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі ұйымда инклюзивті тәрбиені дамыту және Монтессори әдісін енгізудің өзекті мәселері»  тақырыбында ұйымдастырылған  дөңгелек үстел өтті.

  

      Дөңгелек үстелге  №36 «Назерке» бөбекжай балабақшасы, Монтессори әдістемелік кабинетінің қызметкерлері, Арыс қаласындағы бастауыш әдістемелік кабинеті, №65 балабақшасы, Сайрам  «Бағлан» бөбекжай-балабақшасы, «Мақсат» бөбекжай-балабақшасы, «Қуаныш-М» бөбекжай-балабақшасы, «Ару сымбат» бөбекжай-балабақшаларының меңгерушілері, әдіскерлері, тәрбиешілері  және   Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология кафедрасының оқытушылары  қатысты.

  

  

Шара соңында дөңгелек үстелге қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар берілді. 

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық  институты Бастауыш білім факультеті, Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология кафедрасында сыртқы  академиялық ұтқырлық аясында Бургас Свободен университетінің (Болгария) доценті, Phd Дерижан Ицка Михайлованың  2017 жылғы 20 қаңтар мен 16 ақпан аралығында 5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығына "Мектеп жасына дейінгі педагогикалық-психологиялық диагностика", 5В010500-Дефектология мамандығы студенттеріне "Мүмкіндігі шектеулі балалардың педагогикалық-психологиялық диагностикасы" пәндері  бойынша лекция  тыңдалды.

 

Бургас Свободен университетінің (Болгария) доценті, Phd Дерижан Ицка Михайлованың жүргізуімен 5В010500-Дефектология мамандығы студенттеріне "Мүмкіндігі шектеулі балалардың педагогикалық-психологиялық диагностикасы" пәні  бойынша практикалық  сабақтары.

Мектепке дейінгі тәрбие және педагогика кафедрасында   2017 жылғы 6-10 ақпан аралығында  Бургас Свободен университетінің (Болгария) доценті, Phd Дерижан  Ицка Михайлованың  жүргізуімен  өтілген «Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде және мектептерде инклюзивті білім   беру” тақырыбындағы әдістемелік семинары өтті.