САДУАҚАСОВА ЗЕЙНЕП

САДУАҚАСОВА ЗЕЙНЕП (1922-1990)

Садуақасова Зейнеп Садуақасқызы 1922 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында туылған. 

1930-1941 жылдары Шымкенттегі орта мектепте оқып. 1941 жылдан 1945 жылға дейін Шымкент облысы, Шымкент аудандық Еңбекші депутаттары  кеңесінің төрайымы және жалпы бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

1945 жылы Шымкент мұғалімдер институтына оқуға түсіп, аталған оқу орнын 1947 жылы бітіреді. 1947 жылдың 1 қыркүйегінен 1948 жылдың 7 тамызына дейін Ленин атындағы мектепте қазақ тілінен дәріс береді. 1945 жылы Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына оқуға түсіп, оны ойдағыдай  бітірген соң, 1949 жылдан өмірінің соңына дейін Шымкент педагогика институтының қазақ тілі кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеген.

З.Садуақасова Шымкент педагогика институтында көп жылдар бойы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі»,   «Практикалық қазақ тілінен» дәріс беріп, студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесіне басшылық жасады. Топ кураторы ретінде студенттердің өмір жолын дұрыс қалыптастыруына, әсіресе қыз балалардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, жақсы маман иесі болып шығуына ықпал жасаған тәлімгер ретінде есте қалды. Еңбектері ескеріліп, «Қазақ ССР оқу ағару ісінің үздігі» деген құрметті атақ берілді. Ер мінезді, өте талапшыл ұстаз ретінде шәкірттерінің жүрегінде ұзақ сақталары сөзсіз.