МАҚАШОВ ЖҰМАҒАЛИ

МАҚАШОВ ЖҰМАҒАЛИ (1938-1994)

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

 Мақашов Жұмағали Мақашұлы 1938 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақшатау елді мекенінде дүниеге келген. 1957 жылы  Қамбаш ауылында  №6 орта мектепті бітірген соң, 1960 жылға дейін отан алдындағы әскери борышын өтеген.

  1961-1965 жылдары М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтында тарих мамандығы бойынша оқып, білім алды.

1966-1968 жылдары Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ұялы ауылындағы орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1968-1994 жылдары М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтында комсомол және пионер ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру, педагогика кафедраларында оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, тарих факультеті деканының орынбасары болып қызмет етті.

1989 жылы ҚазКСР ҒА Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтында КСРО тарихы мамандығы бойынша «Местные советы Казахстана и культура села на современном этапе (1971-1985 гг.)» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

Пионер ұйымының 70 жылдығына байланысты 1989 жылы ҚазКСР-нің «Үздік ағарту қызметкері» атағы берілді. 1990 жылы ҚазКСР кәсіподақтарының XIV съезіне делегат болған. ҚазКСР білім және ағарту министрлігінің, Оңтүстік Қазақстан облысы білім департаментінің және институт ректоратының көптеген мақтау қағаздарымен марапатталған.

Ж.Мақашевтің  баспадан шыққан сексеннен астам ғылыми еңбегі бар. Сонымен қатар ол – бірнеше оқу және оқу-әдістемелік құралдардың авторы болды.