ҚАРАБЕКОВ НАРЗИЛДА

ҚАРАБЕКОВ НАРЗИЛДА (1942-1997)

техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Қарабеков Нарзилда Назарұлы 1942 жылы Шымкент облысы, Мақтарал ауданы, Красная звезда кеңшарында дүниеге келген. 1951-1961 жылдары В.И.Ленин атындағы орта мектепте оқыды. 1965 жылы Шымкент педагогикалық институты  физика-математика факультетін физика мамандығы  бойынша бітірген.  Еңбек жолын 1965 жылы туған жеріндегі В.И.Ленин атындағы  мектепте мұғалім болып бастаған. 1966-1970   жылдары  Шымкент педагогикалық институты физика  кафедрасының аға оқытушысы, 1970-1974 жылдар  аралығында Алматыдағы Қазақ политехникалық институтының аспиранты, 1974-1981 жылдары Шымкент педагогикалық институты теориялық физика және механика кафедрасында аға оқытушы, доцент, 1981-1983 жылдар аралығында теориялық физика және механика кафедрасының меңгерушісі  қызметтерін атқарған.

1974 жылы «Исследование очистки воздуха в условиях дробильно-сортировочных комплексов Тургайского бокситового рудоуправления» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап шыққан, 23 ғылыми мақаласы жарық көрген.