САПЕН МҰСАХМЕТ

САПЕН МҰСАХМЕТ (1951-2000)

физика-математика ғылымдарыныњң кандидаты, доцент

Сапен Мұсахмет Жандарбекұлы 1951 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы,   Бәйдібек ауданы Бәйдібек  ауылында дүниеге келді. 1972 жылы Шымкент педагогикалық институты физика-математика факультетін  математика мамандығы  бойынша үздік бітірді.   

Еңбек жолын 1972  жылы Бәйдібек ауданындағы мектеп-интернатта математика пәнінің мұғалімі болып бастады. 1975-1982 жылдары Шымкент педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы қызметтерінде болды. 1982-1987 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясы математика   және механика институты функциялар теориясы лабораториясында машықтанушы-зерттеуші қызметінде болды әрі  аспирантурада оқыды. 1987-1993 жылдары М.О.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтының  жоғары математика кафедрасында аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды.

1987 жылы Қазақ ССР ғылым академиясы математика және механика институты жанындағы мамандандырылған диссертациялық кеңесте «О разделимости дифференциального оператора Штурма-Лиувилля» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1995 жылы ҚР ЖАК шешімімен доцент ғылыми атағы берілді. М.Сапен - 35 ғылыми мақаланың, 2 оқу құралының, 1 әдістемелік нұсқаудың авторы.