ӘБДІРАХМАНОВ НҰРМАХАН

ӘБДІРАХМАНОВ НҰРМАХАН (1923-2017)

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Әбдрахманов Нұрмахан Шайбекұлы 1923 жылы Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Киров колхозында дүниеге  келген. Н.Әбдірахманов 1936-1940 жылдары Тұрар Рысқұлов атындағы Опорный балалар үйінде, Шымкент қаласында Аманкелді атындағы №11 балалар үйінде тәрбиеленді.

Н.Әбдірахманов 1940 жылы Шымкент мұғалімдер институтына оқуға түседі.

1942 жылы ақпан айында Ұлы Отан соғысына аттанып, Брянск, І Белорус майдандарында ұрысқа қатысты, сондай-ақ Москвадан Берлинге дейін соғысқа бастан-аяқ қатысқан. Соғыста 4 рет жараланып, Львов әскери округінен 11.11.1945 жылы елге қайтты. Ол соғыста кіші офицер шеніндегі лейтенант болды.

Облыстық атқару комитетінде бөлім меңгерушісі, облыстық партия комитетінде І хатшының көмекшісі, мектеп және жоғары оқу орындары бөлімінің нұсқаушысы,  өлкелік партия комитетінде хаттама бөлімінің меңгерушісі, қалалық партия комитетінде нұсқаушы қызметтерін атқарған.

Н.Ш. Әбдірахманов 1963 жылы «Ата-аналарға педагогикалық білім беру проблемасы» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады.

1963 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтына арнайы  шақырумен келіп, қызмет етті. Педагогика кафедрасында аға оқытушы болумен бір қатарда қосымша институттың Ғылыми Кеңесінің ғалым хатшысы болып қызмет істеді.

1977 жылы ЖАК шешімімен доцент ғылыми атағы берілді.  Н.Әбдірахманов - 5 оқу-әдістемелік құралдың және 100-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы. 1998 жылдан бастап зейнеткерлік демалыста.