ЖҮНІСБЕКОВ САҒЫМБЕК

ЖҮНІСБЕКОВ САҒЫМБЕК (1924-1990)

физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

Жүнісбеков Сағымбек Жүнісбекұлы  1924 жылы Оңтүстік  Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Тассай ауылында дүниеге келген. 1942-1946 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан.   1946-1948 жылдар  аралығында Н.К.Крупская атындағы Шымкент мемлекеттік мұғалімдер институтында, 1949-1953 жылдары Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда мемлекеттік  педагогикалық институтында білім алған.

1953-1972 жылдары Шымкент педагогикалық институтының жоғары математика кафедрасында оқытушы, аға оқытушы болып ұзақ жылдар еңбек еткен.

Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін «За победу над Германией» медалімен марапатталған. Саналы ғұмырын жас ұрпақтың білім алу жолына арнаған.