ОРАЗОВ ҚОШҚАР

ОРАЗОВ ҚОШҚАР (1930-2016)

тарих ғалымдарының кандидаты, доцент

Оразов Қошқар Юсупұлы 1930 жылы Сырдария  округі, Бадам ауданы, Қызыл Октябрь ұжымшарында дүниеге келген.

1943-1946 жылдары  Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент ауданы, Қызыл Октябрь ұжымшарында ұжымшар мүшесі, басқарма хатшысы болып еңбек жолын бастады. 1946-1949 жылдары Шымкент педагогикалық училищесінде оқыды. 1949-1954 жылдары С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқыды. 1954-1960 жылдары Сарыағаш ауданындағы №22 орта мектептің  мұғалімі, оқу бөлімінің меңгерушісі, Сарыағаш аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Шымкент ауданы, Сталин атындағы орта мектептің мұғалімі, Оңтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитеті үгіт-насихат бөлімінің хатшысы болып қызмет етті.

1960-1996 жылдары политехникалық техникумда оқытушы, Шымкент педагогикалық институтында аға оқытушы, тарих кафедрасының меңгерушісі, партиялық бюро хатшысы, тарих-педагогика факультетінің деканы, КСРО тарихы кафедрасының доценті, 1996 жылдан Шығыстану, кейінірек Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті тарих кафедрасының доценті қызметтерін атқарды.