КӘДЕЕВ ИСАҚ

КӘДЕЕВ ИСАҚ (1934- 2015)                                   

Кәдеев Исақ Османұлы 1934 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Көкбұлақ ауылында дүниеге келген. 1950-1952 жылдар аралығында Шымкент мұғалімдер  институтында білім алған.

1952-1954 жылдары Сарыағаш ауданы, Н.Крупская  атындағы орта мектепте мұғалім, 1954-1958 жылдар  аралығында Киров ауданы, Шардара мектеп-интернатында  мектеп директорының орынбасары, Қызылорда педагогикалық институтында оқытушы қызметтерін атқарды.   1958-1998 жылдар аралығында Шымкент педагогикалық институты жоғарғы  математика кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, физика-математика факультетінің деканы, көркем сурет-графика факультетінің деканы қызметтерін атқарған.

Ұзақ жылғы жемісті еңбектері бағаланып, 1980 жылы КСРО жоғарғы және орта білім беру министрлігінің «Жақсы жетістіктері үшін», 1983 жылы КСРО министрілігі «КСРО ағарту үздігі» төсбелгілерімен марапатталған. 1984 жылы облыстық кәсіподақ комитетінің және 1987 жылы КСРО Жоғары кеңесінің «Құрмет грамоталарымен» марапатталды.

И.Кадеевтің 40-тан астам ғылыми мақалалары мен 2 оқулығы жарық көрген.