СОПБЕКОВ  ҮСІПБЕК

СОПБЕКОВ  ҮСІПБЕК 

Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері

Сопбеков Үсіпбек 1920 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Кемербастау ауылдық кеңесі, Коммунизм кеңшарында шаруа отбасында өмірге келген.

1929-1934 жылдары ауыл мектебінде, кейіннен Түлкібас ауданы Балықшы орта мектебінде оқып, 9 сыныптық білім алады. Түлкібас аудандық халыққа білім беру бөлімі жанындағы мұғалімдерді қайта даярлау және біліктілігін көтеру курсын бітіреді.

1939 жылдың қыркүйегінен 1940 жылдың қазан айына дейін Түлкібас ауданы Дехан кеңшарында бастауыш мектеп мұғалімі қызметін атқарады.

1939 жылдың қазан айында әскер қатарына алынып, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, Мәскеуді, Шығыс Пруссияны, Польшаны, Чехословакияны азат етуге қатысады. Ұлы жеңісті Берлинде қарсы алып, 1945 жылы елге оралады. 1942 жылы қан майданда коммунистік партия қатарына қабылданады. 1945-1951 жылдар аралығында Түлкібас аудандық халыққа білім беру бөлімінің жолдамасымен Түлкібас ауданы, Күмісбастау колхозында бастауыш мектептің меңгерушісі болып істейді.

1949-1951 жылдары Шымкент педогогикалық училищесін жеделдетілген негізде бітіріп, оқуын Н.Крупская атындағы Шымкент мемлекеттік мұғалімдер институтында жалғастырады. 1953 жылы аталған институтты үздік дипломмен бітіреді. 1954-1959 жылдары Шымкент мемлекеттік педагогикалық инстутын орыс мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқып бітіреді.

1959-1967 жылдары Шымкент қаласындағы №56, №19 және №26 мектептерде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі болып істейді. 1960-1967 жылдары облыстық радио мен теледидарда қосымша дикторлық қызмет атқарады. 1967-1988 жылдар аралығында Түлкібас ауданы, Ю.Гагарин атындағы орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, кешкі мектеп директоры болып істейді.

Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері  Ү.Сопбеков “II дәрежелі Ұлы Отан соғысы” орденінің, “Мәскеуді қорғағаны үшін”, “Ұлы Отан соғысына 20 жыл, 30 жыл, 40 жыл, 50 жыл”, “Еңбек ардагері” медальдарының иегері, бүкіл ғұмырын бала оқытуға арнаған өнегелі ұстаз.