САЙРАМБАЕВ ТАЛҒАТ

САЙРАМБАЕВ ТАЛҒАТ 

филология ғылымдарының докторы, профессор

Сайрамбаев Талғат 1937 жылы Алғабас ауданы, Сыпатаев атындағы кеңшарда дүниеге келген.

1960 жылы Шымкент педагогикалық институтының филология факультетін бітіріп,  орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарды. 1961-1964 жылдары А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының аспирантурасын оқып, бітірген соң, 1964-1971 жылдары Қызылорда педагогикалық институтының қазақ тілі кафедрасында оқытушы болды. 1971-2009 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетінің қазақ филологиясы кафедрасының доценті, меңгерушісі, профессоры және тіл білімі бойынша кандидаттық, докторлық диссертация қорғайтын кеңестің төрағасы қызметтерін атқарды.

Т.Сайрамбаев 1966 жылы кандидаттық, 1983 жылы  докторлық диссертациясын қорғаған. 1985 жылдан профессор. 30-дан астам ғылым кандидатын, 4 ғылым докторын даярлады. 200-ден астам жарық көрген ғылыми мақалалары мен еңбектері бар. Негізгілерін атасақ: «Қазіргі қазақ тілі, І бөлім. Сөз тіркесі» (1973), «Сөз тіркесі құрылысының кейбір мәселелері» (1976), «Есім пысықтауыш» (1976), «Қазіргі қазақ тіліндегі қаратпалар» (1980), «Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері» (1981), «Сөз тіркесі мен жай сөйлем» (1996) т.б. еңбектерін студенттер мен магистранттар, аспиранттар пайдалануда.